Талдықорған: +1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ТӘУЕЛСІЗДІК КӨШЕСІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ

16.12.2020
ЖАНСАРАЙ
ТӘУЕЛСІЗДІК КӨШЕСІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ұзынағаш ауылының шығыс жақ шетін- дегі көпірден өткенімізде: «Тәуелсіздік көшесі осы жерден басталады», – деді жол бас- таушымыз, осы селолық округ әкімшілігінің бас маманы Әлия Әбуова көлігінің жүрісін баяулатып. Тақтайдай тегіс, оқтай түзу әрі кең көшеде адамның тынысы да кеңіп сала бергендей болды.

Бірнеше күннен бері бұлтты, қара суық болып тұрған ауа райы да сол күні жайдарлана қалыпты. Күн шайдай ашық. Жаңа көшенің екі жағына сүйсіне көз тастап, кездескен тұрғындармен тілдеспекке жаймен жылжып келеміз. Көше тыныш. Анда-санда болмаса, көлік қозғалысы аз екен. Бірінші болып ұшырасқан, нөмірі 5-ші үйден шыққан Айнұр Молтаеваны сөзге тарттық. Бұрын Ақтерек ауылында тұрған оның осында қоныс аударғанына жеті жыл болыпты.

– Бұрын бұл маңайда көше де, үй де жоқ болатын. Ауылдың шеті анау саймен бітетін. Ал бүгін адам танымастай өзгерді. Ұзынағаштың іргесі кеңіп, тақыр далада мынандай көше пайда болғанына өзім де таңғаламын. Бұл жерден жер телімін алғандардың бірі мен едім. Алғашқы жылдары біраз қиындық көрдік қой. Жауын-шашында көше балшық болып езіліп кететін. Оған көршілер бірлесіп тас төгіп жататын. Қазір көріп тұрғаныңыздай, көшеміз асфальтталған. Мұның барлығы Тәуелсіздіктің жемісі деп білемін, – деді Айнұр Әзисқызы. Сол арада кездескен жігіт ағасы өзін Тасболат Жиенбаев деп таныстырды. Өзбекстаннан көшіп келіп, осындағы №28 үйде тұрғанына 10 жыл болыпты. Қатарымызға қосылған қандасымыз ашыла сөйлеп:

– Тәуелсіздіктің арқасында атажұртыма, қасиетті Қазақ еліме оралып, өсіп-өніп жатырмын. Келгенде мемлекеттен көмек қаржы алып, қолдау көрдік. Жамбыл ауданындай киелі жерден жайлы орын тапқаныма қуаныштымын. Халқыма ризашылығым шексіз. Жер алып, үй салып алдық. Көршілерім жақсы адамдар. Бір-бірімізбен аралас-құраласпыз. Төрт ұл, бір қыз тәрбиелеп өсіріп отырмыз. Ел қатарлы ұлды ұяға, қызды қияға қондырып жатқан жайымыз бар, – деді. Сондай-ақ көше тұрғындары Ләззәт Әлиева мен Эльмира Болатқызының да пікірлерін біліп, көшенің екінші басына қарай жылжыдық.

Әкімдік маманынан білгеніміздей, көшеге Тәуелсіздік атауы 2011 жылы берілген. Ұзындығы 800 метр ғана. Аула саны 75 үй. Жолай жұмыс істеп тұрған «Жанәли», «Береке» дүкендеріне көз салдық. Көшенің шығыс жағы қиялай бұрылып, Алматы көшесіне жалғасты. Мұнда көркі көз тартар еңселі жаңа ғимарат – «Шынасыл» мешіті орналасқан.

Расында, Ұзынағаш Тәуелсіздік жылдары қатты өсті. Елді мекеннің іргесі кейінгі жылдары қарқынды кеңейіп келеді. Ауыл төрт тарапқа қанат жайып, жаңа шағынаудандар бойкөтерді. Мектеп, балабақшаға сұраныс артуына байланысты әлеуметтік нысандар салынуда.

Бүгінде Ұзынағаштағы халық саны 50 мың адамнан асады. Мұнда көшіп келушілер қатары көп. Иә, елге ел қосылса – құт.

Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы

Қатысты жаңалықтар

СУ сақтаудың – ақылды тәсілі

СУ сақтаудың – ақылды тәсілі

09.02.2026
102 млн қаралым: Димаш Құдайбергеннің жаңа шоуы рекорд жаңартты

102 млн қаралым: Димаш Құдайбергеннің жаңа шоуы рекорд жаңартты

09.02.2026
Еліміздің көлік саласы мен логистикалық әлеуетін дамыту

Еліміздің көлік саласы мен логистикалық әлеуетін дамыту

09.02.2026
UFC: Қазақстандық файтер қарсыласын тік тұрған күйінде сұлатты

UFC: Қазақстандық файтер қарсыласын тік тұрған күйінде сұлатты

09.02.2026
Ақмола облысында зейнеткер алаяқтарға 10 миллион теңге аударып жіберген

Ақмола облысында зейнеткер алаяқтарға 10 миллион теңге аударып жіберген

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.