Талдықорған: +19°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

29.03.2026
ЖАНСАРАЙ, ЖАҢАЛЫҚТАР
Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға
WhatsAppTelegramFacebook

Халқының азаттығы мен болашағы жолында аянбай еңбек еткен тарихи тұлғалардың бірі – Әлихан Бөкейхан. Ол – ұлт тағдырына бейжай қарамай, елдің ертеңі үшін күрескен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, ағартушы. Биыл, яғни 2026 жылдың 5 наурызында «Алаш» қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толды.

Әлихан Нұрмұхамедұлы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезіне қарасты Тоқырауын болысындағы жетінші ауылда дүниеге келген. Бала кезінен зерек әрі білімге құштар болған ол алғаш ауыл молдасынан сауат ашып, кейін Қарқаралы қаласындағы үш сыныптық мектепте білім алады. Білімге деген ынтасы жас Әлиханды үлкен оқу орындарына жетелейді.

1886-1890 жылдары Омбы қаласындағы Сібір теміржолына мамандар даярлайтын техникалық училищеде оқиды. Кейін білімін жалғастыру мақсатында Ресейдің сол кездегі ең беделді оқу орындарының бірі – Санкт-Петербургтегі Орман институтына түседі. Сонымен қатар құқық саласын өз бетінше меңгеріп, заң факультетін тамамдайды. 1894 жылы орманшы-ғалым әрі заңгер мамандығы бойынша жоғары білім алып шығады.

Білім мен ғылымды меңгерген Әлихан Бөкейхан тек ғалым ретінде ғана емес, қоғам қайраткері ретінде де ел өміріне белсене араласты. Ол қазақ халқының құқықтарын қорғау, ұлттық мүддені сақтау, тіл мен дінді, тарих пен мәдениетті дамыту жолында күресті. Қазақ жерінің отаршылдық саясаттың салдарынан бөлшектеніп, ата-баба жерінен айырылып қалуына үзілді-кесілді қарсы шықты.

Ұлтты бірлікке шақырып, халықты ортақ мақсатқа жұмылдыру үшін «Алаш» идеясын көтерді. Бұл идея – қазақ елін бір тудың астына біріктіріп, тәуелсіз әрі дербес мемлекет құруға бағытталған тарихи қозғалыс еді. Әлихан Бөкейхан бастаған зиялы қауым өкілдері халықтың саяси санасын оятып, ұлттық мемлекеттілік идеясын қалыптастыруға үлкен үлес қосты.

Сол кезеңде жарық көрген «Қазақ» газеті ұлт рухын көтеріп, елдің көзін ашқан басылымдардың бірі болды. Бұл газет қазақ қоғамындағы маңызды мәселелерді көтеріп, халықты білімге, бірлікке, ұлттық сананы жаңғыртуға шақырды. Осы басылымның дамуына Әлихан Бөкейхан зор еңбек сіңірді.

Әлихан Бөкейхан тек саясаткер ғана емес, ғылым мен білім саласында да елеулі еңбек қалдырған тұлға. Ол көптеген ғылыми еңбек жазып, қазақ тіліне география, геология, астрономия сияқты ғылым салаларына қатысты еңбектерді аударып, халыққа түсінікті тілде жеткізді. Сондай-ақ, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығын алғаш танып, оның мұрасын насихаттауға атсалысты.

Алайда ел үшін қызмет еткен қайраткердің өмір жолы ауыр сынақтарға толы болды. Кеңестік билік тұсында ол «халық жауы» деген жалған айыппен қуғын-сүргінге ұшырап, 1937 жылдың 27 қыркүйегінде ату жазасына кесілді. Бұл – қазақ тарихындағы ең қасіретті күннің бірі еді. Соған қарамастан Әлихан Бөкейханның есімі мен еңбегі халық жадынан өшкен жоқ. Ол – өз заманының озық ойлы, білімді, ел болашағын ойлаған көреген тұлғаларының бірі. Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру жолында аянбай еңбек еткен қайраткер: «Өмірімнің соңына дейін қазақ халқына қызмет етемін» деген ұстанымға адал болды.

«Алаш» қозғалысының көшбасшысы, ұлт рухын көтерген ұлы тұлға Әлихан Бөкейханның өнегелі өмірі – бүгінгі және келер ұрпаққа үлгі. Елінің ертеңі үшін күрескен ардақты азаматтың есімі қазақ халқымен бірге мәңгі жасай беретіні сөзсіз.

Амалия ТҮЛЕУ,
Матай орта мектебінің
11-сынып оқушысы
Ақсу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Сәннің соңында саулық қалып қоймасын

Сәннің соңында саулық қалып қоймасын

29.03.2026
Likke тәуелді  сана

Likke тәуелді сана

29.03.2026
Адалдық – адамдық белгісі

Адалдық – адамдық белгісі

29.03.2026
Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

29.03.2026
Ағаштан түйін түйген

Ағаштан түйін түйген

29.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.