Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Ұстаз жолы

23.10.2025
ЖАНСАРАЙ
Ұстаз жолы
WhatsAppTelegramFacebook

Ғылымды өркендету, оның сапасын заманауи талаптарға сай арттыру жолында ғалымдарымыздың сіңірген еңбегі мол. Әр ғылымның өзіндік ерекшелігі, оны дамытудың қиындығы мен нәзік құпиялары бар, сол бағытта математика және оның әдістемесінің ілгері келе жатқандығы шындық. Бұл саланың дамуына еселі еңбек еткендердің бірі де бірегейі ұстаз, ғалым– Бүркіт Баймұханұлы еді.

Бүркіт Баймұханұлы 1930 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданының №12 ауылында дүниеге келген. Бала күнінен-ақ білімге құштар, зерек өскен ол Махамбет атындағы орта мектепті үздік аяқтап, кейін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында білім алып, оны да ойдағыдай тамамдайды.

Ізденіс пен еңбектің адамы болған Бүркіт аға ғылым жолын таңдады. Украинадағы Харьков политехникалық институтының аспирантурасында білімін жалғастырып, 1963 жылы кандидаттық диссертация қорғап, физика-математика ғылымдарының кандидаты атанды. Уақыт өте келе, елімізде алғашқылардың бірі болып математиканы оқыту әдістемесі саласында докторлық диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының докторы, профессор дәрежесіне ие болды.

1993-1996 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті жанындағы педагогика ғылымдары бойынша кандидаттық диссертациялар қорғайтын кеңестің құрылуына бастамашы болды әрі сол кеңестің төрағасы қызметін атқарды. Бұл кеңесте отыздан астам жас ғалым өз еңбегін қорғап, ғылым жолына қадам басты.

Халық даналығында «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген аталы сөз бар. Осы сөздің шын мағынасын Бүркіт Баймұханұлының өмірінен көреміз. Ол тек білім беріп қана қоймай, ғылымға адалдық пен ізденісті шәкірттерінің бойына сіңірді. Оның тәлімін алған шәкірттері бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде ұстаздық етіп, ғылым мен білім саласында елеулі еңбек етіп жүр.

Бүркіт аға – талапшыл да әділ ұстаз еді. Ол шәкірттерінің еңбегіне сын көзбен қарап, әрбір ғылыми жұмыстың әлсіз тұстарын көрсетіп, нақты бағыт-бағдар беріп отыратын. Бірақ бұл қаталдықтың артында үлкен мейірім мен ұстаздық қамқорлық жататын.

Жетісу жерінде де профессордың ғылыми мектебі қалыптасты. Оның тәлімін алған шәкірттердің қатарында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Есенғали Смағұлов, педагогика ғылымдарының кандидаты Ғалия Қыдырбаева, доценттер Рыскүл Тасболатова, Талғат Байділдинов, физика-математика факультетінің деканы Ілияс Есенғабылов, кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Жомарт Жиембаев, қауымдастырылған профессор Айгүл Алдабергенова, сондай-ақ, Салтанат Ибраева, Гүлсім Абдолдинова, Фарида Нұғыманова сынды көптеген шәкірті бар.

Саналы ғұмырының 60 жылдан астамын жоғары білімді мамандарды даярлауға, азаматтарды тәрбиелеуге арнаған профессор Б.Баймұхановты университетіміздің «Құрметті профессоры» деп санаймыз. Бүркіт ағаның отандық математиканы оқыту әдістемесінің дамуына қосқан үлесі зор. Ол бағдарламалар мен оқулықтарды жетілдіруге, мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар жасауға ерекше көңіл бөлді. Оның ішінде «Математиканы оқыту әдістемесі», «Орта мектептегі жиындар теориясының элементтері», «Математикадан есептер шығаруға үйрету», «Алгебра–7», басқа да әдістемелік еңбектерін, оқу құралдарын атап өтуге болады.

Бойындағы бар ақыл-парасатын ұстаздық етуге, математиканы оқыту әдістемесі саласына арнаған, қажымай-талмай еңбек еткен, барға қанағатшыл, кісі кемшілігін көзге шұқып мін тақпайтын тек сыпайы қалжыңдайтын, азаматтық және адамгершілік парызын ақтай білген парасатты ұстазымыздың өмір жолы бәрімізге үлгі. Бүркіт Баймұхан-ұлының жарқын бейнесі мен өнегелі ғұмыры біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Сабыркүл СЕИТОВА,
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор

Қатысты жаңалықтар

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

28.01.2026
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.