Талдықорған: -3°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Қылқаламның құдіреті

28.07.2024
ЖАНСАРАЙ
Қылқаламның құдіреті
WhatsAppTelegramFacebook

Сурет өнері – ғажап өнер! Оның сан түрлі бояуының астарында қаншама сыр жатыр? Ал енді осы дүниені суретші өз жүрегінің сүзбесінен өткізіп, көрермен көзіне дәл жеткізе біледі. Ол үшін қаншама маңдай тер мен ұйқысыз түндер өткенін көпшілік қауым біле де бермейді. Сондықтан болар, суретшінің көтерген жүгі тым ауыр. Бір ерекшелігі, әр суретші өз шығармасын әр қырынан, өз сана-сезімі, түйсігі арқылы бейнелейді. Олардың бір-біріне ұқсамайтынының сыры да осында жатса керек.

Жалпы осы бейнелеу өнерінде әлемдік аренада аты шыққан Леонардо да Винчи, Рафаэль, Микеланджело, Дюрерден бастап, Қазақ ұлтының арасынан шыққан тарланбоз талант иелерін атағанымыз жөн. Олардың арасында Шоқан Уәлиханов, Әбілхан Қастеев, Қожахмет Қожықов, Гүлфайруз Исмаилова, Марат Нүсіпов және т. б. бар. 

Мен сөз еткелі отырған суретшім де өз ерекшелігімен танылған қылқалам шебері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер одағы және Еуразиялық Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркемсурет Академиясының академигі, ҚР Журналистер одағының мүшесі Жанұзақ Мүсәпір сурет өнерінде ешкімге ұқсамайтын қолтаңбасы бар талантты азамат. 

Сурет өнері бірнеше түрге бөлінеді. Оның ішінде графикалық әдістер, контурлы сызық, штрих, теңбілдеу арқылы қолмен салынған бейнелер. Осы әдіс- терді түрліше үйлестіру тәсілдеріне орай суретті пластикалық тұрғыдан модельдеуге, тон және сәуле мен көлеңке берумен түрлендіруге болады. Әдетте сурет бір түсті немесе бірнеше түсті болып келеді. Суретшінің салу әдісі тақырып таңдауы мен жанрына да тығыз байланысты. 

Жанұзақтың осы бейнелеу саласындағы тақырып таңдауы да ерекше. Өзінше жол іздеп, тың картиналық полотнолар жасауы ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Өйткені кез келген суреті тіршілік тынысымен біте қайнасып, өз тілінде сөйлей жөнеледі. Көрген көзге бір жылылықтың ұшқынын сыйлап тұрады. Жүректен шыққан дүние жүрекке жетіп жатса суретшінің де орындалған арманы емес пе?! 

Шебердің осы еңбектерінің ішіндегі шоқтығы биік шығармасы «Балалықтан даналыққа жол» (2020) деп аталатын айтулы картинасы. Атына заты сай бұл дүниесі ұлы ойшыл, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың туғанына 1150 жыл толуына арналған. 2021 жылы бұл жұмысы Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде өткен суретшінің «Құдіретім – Қылқалам!» атты жеке көрмесінің төрінен орын алып, көпшілік көрерменнің көңілін тәнті еткен.

Бұл еңбегі 5 бөлімнен тұрады. Әр бөлім өзінің жүгін атқарып, шешімін тауып тұр. Яғни, ұлы ойшыл ғалым бабамыздың балалық шағынан бастау алып, ары қарай өрби жөнеледі. Көне Отырардың тіршілік аясында бала арманының қалыптасуы мен кітап оқудағы кезеңін әдемі бейнелеген. Осы арқылы болашақ ойшыл ғалымның алға қойған мақсаттары мен асқақ армандарын суретші қылқалам арқылы айқындай түседі. Тіптен балалардың асық ойнауы, алтыбақан тебуі бас кейіпкердің сол қоғамда өмір сүргенін әспеттеп, әсерлеп тұр. Бұл суретшінің шеберлігі мен тапқырлығы. Келесі 4 форматтағы 11 түйенің көш керуені картинаның мазмұнын аша түседі. Әр керуеннің артқан жүгімен бірге том-том кітаптардың да қатар тұруы ерекшелік дер едім. Ол дегеніңіз кітаптың қасиетін сол заманда бағалай білгенін айқындайды. Осы арқылы суретші ұлы ойшыл, кемеңгер Әл-Фарабидің еңбек жолындағы даналығын дәлелдеп берген. 
Бүгінгі таңдағы кейбір суретшілердің шығармасын түсіну өте қиын. Алған тақырыбында не қозғап, не айтып тұрғанын, суреттің пайымына көз жүгіртсеңіз терең сезіне алмайсыз. Әйтеуір сурет салу деген осы екен деп түрлі түсті бояуларды пайдалана береді. Ол қандай мағына береді, мазмұны қандай, оған аса мән бермейді? Осыдан барып адамның жүрегіне жол таба алмай жатады. 

Жанұзақтың суреттері алған тақырыбын сөйлете біледі. Себебі ой бар, оқиға бар. Бірден көрген адамның өзін әрі қарай жетелеп алып кетеді. Бұл дегеніңіз жанды сурет. Олай болса шеберліктің бір сыры осында жатыр. 

Жанұзақ Керімбекұлының бір ғана қылқалам шебері емес, екінші бір қырын байқап таң қалдым. Ол – журналистік саладағы еңбектері. Кезінде «Қазақфильмде» режиссер, «Рахат», «Хабар» арналарында қызмет істей жүріп, қаншама айтулы бағдарлама жасағанын білеміз. Қаламының ұшқырлығымен, білімінің тереңдігімен ұжым арасында байсалды да  ардақты азамат болғанын айтар едім. 

Жанұзақ отбасында қадірлі әке, немерелеріне аяулы ата. Қашан болсын қарапайым мінезімен ел құрметіне бөленіп жүрген азамат! 
Сондықтан, Жанұзақ Мүсәпірдің «Балалықтан даналыққа жол» картинасы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа лайықты деп толық айтуымызға болады. 

Сайлаубай ТОЙЛЫБАЕВ,
Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

04.02.2026
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

04.02.2026
Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын.

Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын.

04.02.2026
Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

04.02.2026
Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.