Талдықорған: +1°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҚҚАН ШЫРАҒЫН

06.03.2020
ЖАНСАРАЙ
ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҚҚАН ШЫРАҒЫН
WhatsAppTelegramFacebook

Қаратал дегенде әуелі аузымызға ел бастаған батырлар мен сөз бастаған шешендер оралады. Көзі тірісінде мұқым жұртты аузына қаратып, қанатты сөз, болаттай берік байлам айтқан Ескелді, Балпық, Жолбарыс, Қарымбай әулиелер, Айту мен Жәлмендедей билер, Пышандай сазгерлер шыққан құйқалы топырақтан нәр алған тектілер қаншама? Күллі қазақты бар жүрегімен жақсы көрген арда азаматтардың ізін басқан, әрбір шәкіртті саналы тәрбие, сапалы білім нәрімен сусындатқан І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің инновациялық жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, ұлағатты ұстаз Ерлан Андасбаев – біз тілге тиек еткен асылдардың сынығы. 

Тамырын тереңнен алатын қасиетті де қастерлі Қаратал өлкесінің тумалары, тарланбоз тұлғаларының ізін жалғаған Сүлейменнің Ерланы осыдан 55 жыл бұрын жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында өмірге келіп, отбасына үлкен қуаныш сыйлады. Асқар таудай әкесі мен аяулы анасының бар мейіріміне қанып өскен бала жастайынан зерек болып өсті. 
Бірлігі мен берекесі тасыған алақандай ғана Кәлпе ауылының тұрғындары түрлі этнос өкілдерімен бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешті. Неміс, кәріс, орыс, чешен ұлтының балаларымен таза қазақша сөйлеп, ойын ауылынан оңайшылықпен орала қоймайтын. Еңбекқор кәріс ұлтының өкілдері ауылға көшіп келісімен пияз өсірумен айналысты. Жергілікті халық та бұл істің қыры мен сырын бір кісідей меңгерді. 
Мектеп қабырғасында жүргенде ол үнемі үздіктер қатарынан көрінетін. Апасы ата-аналар жиналысына барып, ұлының оқу үлгерімі мен тәртібіне айтылған мақтау сөздерден кейін төбесі көкке бір елі жетпей қайтатын. Алтын сандығына тыққан тәттілерімен көрші-қолаңды дастарқанға шақырып, қуанышымен бөлісетін. Сол адамдардың көлдей көңілдері мен кең пейілдері бүгінгі біздің қоғамға ауадай қажет секілді. 
Сол тұста жақсы оқыған оқушылар «Артек» пионерлер лагеріне жолдама алатын. Бұған көптің қолы жетпейтін. Тек күнделігіңіз «беске» толса, барлық пәнді мүдірмей айтып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатыссаңыз, лагерьдің құрметті қонағы болатынсыз. 
Міне, зерек әрі озат Ерланға 1978 жылы аудандық оқу бөлімі Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебіне емтихан тапсыруға ұсыныс береді. Сөйтіп, емтихан тапсырып, әйгілі мектептің оқушысы атанған ол білім жолына келген алғашқы баспалдағы осы мектеп болғанын мақтанышпен айтады. 1978-1982 жылдар аралығында Республикалық физика-математика мектебінде білім алады. Бұл мектеп еліміздегі физика-математика бағытындағы мықты білім ошағы саналады. Қазір қарап отырсақ, ел дамуы жолында еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметтердегі кадрлардың көпшілігі осы мектептің түлектері екенін мақтанышпен айтсақ артық болмас. 
– Егер адам еңбек етсе, жемісін міндетті түрде көреді. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап оқуға деген ынтам зор болды. Үнемі бір дүниені білсем деген ой мені мазалайтын. Физика-математика бағытындағы мектепке түсуімнің өзі өмірдегі ең үлкен олжам болды. Киелі шаңырақ бізді еңбекқорлыққа, бауырмашылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиеледі. Ата-ананың, ағайын-туыстың ыстық құшағынан алыстаған ауыл баласы үшін біраз қиындық болғаны рас. Бірақ бала психологиясының ұңғыл-шұңғылына дейін зерттеп, оқушының қызығушылығын арттыра отырып сабақ беру әдістерін жетік меңгерген мамандардың біліктілігіне бас иемін. Сол кездегі ұстаздарыма – физика пәнінің мұғалімі Жакен Бақынов, алгебра және геометрия пәні мұғалімі Фатима Алиева, орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Райхан Нұрмашқызы, сызу пәні мұғалімі Сәуле Әбдірашқызы, химия пәнінің мұғалімі Ардақ Хасенқызы, биология пәні мұғалімі Тілеукен апай және интернат меңгерушісі Нәдір ағайға үнемі алғыс айтудан шаршамаспын. Фатима апай қазір 93 жасқа келді. Құрметті зейнеткер. Бұл кісілердің барлығын бала жанының жанашырлары деп айтар едім. Менің қандай да бір жетістікке жетуіме себепші болған жандарға өмір бойы алғыс айтуға дайынмын, – дейді Ерлан Андасбаев. 
Кейін Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетін таңдады. Оған физика-математика мектебінен кейін университетте оқу оңай болды.  
Ер-азаматтың міндеті – Отан алдындағы борышын өтеу болғандықтан 1983-1985 жылдар аралығында Кеңестер армиясының қатарына шақырылып, әскери өмірдің қыры мен сырын меңгерді. Өмір баспалдағының тағы бір сатысы – маман болу. ҚазМУ-ді бітірген соң жұмысқа орналасу республикалық білім ұйымдары бойынша жинаған орташа балл арқылы сұраныспен іске асатын тұста Талдықорған педагогикалық институтына екі орын болған. Бірін ұпайы жоғары тараздық Жеңісгүл Сапарбаева алса, екіншісін бүгінде бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жүрген зайыбы Гүлмира иеленеді. Сөйтіп, талдықорғандық болса да, ұпайы жетпегендіктен, жұмысқа жолдама ала алмаған. ҚазМУ-дің ректораты сол кездегі комсомол ұйымының жұмыстарына және қоғамдық, спорттық шараларға белсене қатысқаны үшін Талдықорған облыстық комсомол ұйымына жұмысқа жолдама ұсынады. Аяқастынан пединститутта есептеуші техника және информатика кафедрасына аға лаборант  орны бос екенін естіп, құжаттарын тапсырып, 1989 жылдың 1 қыркүйегінен бастап І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-де аға лаборант, оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор қызметтерін атқарады.
1997-2003 жылдар аралығында физика-математика факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 2003-2008 жылдар аралығында осы аталған факультеттің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары болып тағайындалды. 2002 жылы кандидаттық диссертация қорғап, физика-математика ғылымдарының кандидаты атанды. Ал 2010 жылы тамыз  айында докторлық диссертациясын сәтті қорғап, техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алады. 
Ғалым 2008 жылы маусым  айында  математика және жаратылыстану факультетінің  деканы, 2012 жылдың қыркүйегінде физика-математика факультетінің деканы болып тағайындалды. Ал 2019 жылдың 1 ақпанынан бастап университеттің инновациялық жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры қызметін абыройлы атқарып келеді. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, 2013 жылы Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент мүшесі атағы берілді. Осы жылдары университет ректорлары      Ж. Жапаров, А. Қасабеков, Т. Қожамқұлов, Е. Медеуов, А. Бектұрғановтармен бірге еңбек еткендігін ерекше құрмет санайды.
 2009 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы үздік қызметкері» төсбелгісімен, 2012 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері және «Мұхаметжан Тынышпаевтың 100 жылдық мерейтойы» медалімен, 2013 жылы Ресей жаратылыстану академиясының «LABORE ET SCIENTA» орденімен, 2014 жылы Еуропа ғылыми-өндіріс консорциумы тағайындаған Вильгельм Лейбниц  медалімен, 2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталуы білім жолына қосқан еңбегінің нәтижесі деп нық сеніммен айтуға болады.
Кейіпкеріміз Грекияның Афина технологиялық институтында алғашқы бітіруші магистранттармен, (Назарбаев университеті ұйымдастырған) жоғары оқу орындарының көшбасшыларына арналған тағылымдамадан өтіп, Сингапур ұлттық университетінде, Санкт-Петербург экономикалық университетінде, Біріккен Араб Әмірліктері университетінде ғылыми конференцияларға белсене қатысып, шетелдік ғылым үрдісінің ерекшеліктерімен танысты. Олардың озық тәжірибесі қазіргі жұмысына көп көмегін тигізуде.
Адам қара ормандай ұрпағымен мың жасайтынын текті қазағымыз біліп айтқан. Расында да, ұрпақ адамның өсіп-өнуінің себепкері. Отбасы деген қасиетті мекенде екі қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірді. Қыздары Қазақ ұлттық университетінің «мемлекеттік және жергілікті басқару», «стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының үздік дипломдарын алып, абыройлы қызмет етуде. Ұлы Жамиғат Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алып, қазіргі таңда Назарбаев университетінде білімін жалғастыруда.
Бүгінгі жас білімгер – ертеңгі елдің тізгінін ұстайтын жас маман. Оларға дұрыс бағыт-бағдар беру, сапалы білім нәрімен сусындату – ұлағатты ұстаздардың міндеті. Олай болса, талай жастың бағыты мен бағдарын айқындап беруде үлкен еңбек етіп жүрген Ерлан Сүлейменұлындай ұстаздар қатары көп болсын дейміз. 

Еңлік БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

10.02.2026
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

10.02.2026
Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

10.02.2026
Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

10.02.2026
Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.