Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЗАҢ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТАРЛАНЫ

22.02.2021
ЖАНСАРАЙ
ЗАҢ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТАРЛАНЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен қатар көптеген дара тұлғаларымыздың да торқалы тойы ел көлемінде аталып өтілгелі отыр. Жыр көгінде алдаспандай жарқылдаған ақындар мен ел қорғаған батырлардың, дала данышпандары мен би-шешендердің һәм ел мен жер үшін саналы ғұмырын игілікті жолға сарп еткен ұлт перзенттерінің мерейтойын атап өту  – ұлы борышымыз екені даусыз. Сол асқақ болмысты тұлғаларымыздың қатарында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, қоғам және мемлекет қайраткері Салық Зимановтың бары рас.

Ұлт болашағы, мемлекетіміздің жарқын болашағы жолында саналы ғұмырын сарп еткен асқақ болмысты Сарық Зимановтың туғанына биыл 100 жыл. Осыған орай  тұғырлы тұлғаның ғұмырбаяндық ізіне аз-кем тоқталып өтуді жөн санап отырмыз.
Заң ғылымдарының докторы,профессор Салық Зиманов 1921 жылы Атырау қаласында от жүрегін тулата өмірге келген. Жасынан ілім-білімді жадына тоқып, ғылым жолына түскен ол Бүкілодақтық заң институтын бітірген. Дегенмен, тұғырлы тұлғаның жастық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келгендіктен тағдырының бір бөлшегі майдан даласында өтеді. Ел мен жерді анталаған жаудан қорғау үшін әскер қатарына алынған Салық Зиманов Оңтүстік және Солтүстік Кавказ, Степной, Воронеж, 2-ші Украин, 2-ші Беларусь майдандарына қатысып, соғысты Берлин түбінде аяқтаған. Майданда көрсеткен ерекше қабілеті, батылдығы мен батырлығының арқасында қатардағы жауынгерден гвардия майоры шеніне дейін жоғарылап, 615-ші минометтік полк командирінің орынбасары және механикаландырылған бригада артиллериясына басшылық еткен-ді. 
1949 жылы майданнан оралған Салық Зиманов Отан үшін от кешіп жүрген кездері төрт рет жарақаттанған екен. Ерлік пен өрліктің жарқын үлгісін көрсеткен оның батырлығы үшін екі мәрте І дәрежелі Отан соғысы орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, «Кавказды қорғағаны үшін» және «Кенигсбергті алғаны үшін» медальдарымен марапатталғанын да атап өткен жөн. 
Салық Зиманов Бүкілодақтық заң институтында жоғары білім алып, бұл соқпақта өзінің дара ізін қалыптастыра білді. Ізденімпаздығы мен ұлтжандылығының арқасында әрі телегей білімінің нәтижесінде оны бүгінде «қазақстандық заң ғылымының атасы» деп бағалап жататыны да жасырын емес.
Ғұмыр сорабында абыройлы қызмет етіп, мұғалімдік сүрлеуден де өткен тұғырлы тұлға Мәскеуде КСРО ҒА Құқық институтында ғылыми-ізденушілік жұмыстарын жүргізіп, 1950 жылы «Бөкей Ордасының қоғамдық-саяси құрылысы» тақырыбында заң ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесіне диссертациялық жұмысты сәтті қорғаған. Ғылыми даңғылға куәлік алған жас ғалым үздіксіз ізденушілік жұмыспен айналысып, 1961 жылы «ХVІІІ ғасыр соңы және ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы Қазақ- станның қоғамдық-саяси құрылысы» тақырыбында диссертациялық жұмысын сәтті қорғайды. Соның нәтижесінде ол қазақтан шыққан тұңғыш заң ғылымдарының докторы болған-ды. 
Жалпы, С. Зиманов жайлы бедерленіп қалған көптеген деректерді парақтап-тарақтап отырып, оның асқақ болмысын, ұлт үшін аянбай қызмет еткенін аңдадық. Бір адамның ғұмыр сорабында осыншама жарқын істері хатқа түсіп қалады екен-ау деп те таңырқағанымыз жасырын емес-ті. Олай дейтін себебіміз, кейіпкеріміз 1967 жылы ҚазКСР ҒА академигі атағын иеленгеннен кейін мемлекетіміз үшін аянбай тер төгеді. Ол қазақ халқының байырғы әдет-ғұрпын, құқығын, мемлекеттік және құқықтық жүйесін зерттеп, би-шешендердің билік тұжырымын бүгінгі ұрпаққа жеткізуге күш салады. 
Кейіпкеріміздің бойында еліне, жеріне деген ыстық махаббаттың барын, сол арда сезімнің жетегімен түрлі сүрлеуде ұлт үшін аянбай қызмет еткенін ғұмырбаяндық хамсасымен таныса отырып аңдадық. Кешегі Кеңес өкіметінің әмірі жүріп тұрған шақта қазақтың қожасы етіп «бөгдені» қоймақ болғаны үшін Желтоқсанның ызғарына жалаң тәнін тосып, ел азаттығы жолында алаңға сап түзеп шыққан боздақтарымыздың ерлігі бүгінге ұран болып қалды емес пе?! Дегенмен, осынау ұлы оқиғаның өзегі болған сол боздақтарды нашақор деп, өзге де түрлі жаламен жазғырғаны көзіқарақты жандарға белгілі жайт. Міне, сол тұста, яғни  1986 жылғы  Желтоқсан оқиғасы кезінде де Салық Зиманов азаматтық ерлік көрсете білген. Империялық орталықтың жоғары лауазымды өкілдерінің қазақ халқының атына айтқан астам пікірлеріне тайсалмай қарсы шығып, ұлт намысын, ел абыройын нақты да кесімді дәлелдермен қорғап қала біліпті. Осының өзі тұғырлы тұлғаның асқақ болмысын, ұлт үшін ұлы істерге барған ержүректігін көрсетеді десек, артық баға бергеніміз емес.
Тоқсан жыл ғұмыр кешіп, мемлекет іргесінің бекуі, заңының қуаттылығы үшін аянбай тер төккен Салық Зиманов тың бірқатар еңбегін атап өтер болсақ, ол, ең әуелі, «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» декларация жобасын дайындады. Жаңа Конституция авторларының бірі ретінде тарихқа енді. Қазақтың Ата Заңдарын он томдық еңбек етіп басып шығартып, соңына 500-ден астам ғылыми еңбек пен монография қалдырды. Міне, осынау сүрлеудің өзі бір азаматтың ғұмырсорабындағы жарқын істері еді. Салық Зиманов өз кезегінде ҚР Жоғарғы халық депутаты болып сайланып, Жоғарғы Кеңес Төралқасының, Сыртқы қарым-қатынастар мен парламентаралық байланыстар комитетінің мүшесі, Ардагерлер мен мүгедектер жөніндегі комитет төрағасы болды. Білікті заңгер маман ретінде егемендік, тәуелсіздік жолын таңдаған Қазақстанның халықаралық қарым-қатынастарын заңдастырып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру, президенттік басқару институтын енгізу, құқықтық-демократиялық реформаларды жүргізу сынды істерге білек сыбана араласты.  
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттарда          С. Зимановтың ғылыми және қоғами-саяси қызметінің жаңа, жемісті кезеңі басталды. Қазақстан Жоғарғы Кеңесі көптеген жаңа заңдарды қабылдағанда Салық Зиманов білімділік, қайраткерлік қырымен танылды. Ол «Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияның жобасын дайындау жөніндегі комиссияны басқарады. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңының жобасын дайындау жөніндегі комиссияның жетекші мүшелерінің бірі болды. Сонымен қатар, Жоғарғы Кеңестегі Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын әзірлеу жөніндегі Конституциялық комиссияның мүшесі болып, сарапшылар тобын басқарған. 
Міне, осындай жарқын жолда өзіндік ізін қалдырған тұғырлы тұлғаның туғанына биыл ғасыр толып отыр. Ендеше, Қазақстан заң ғылымының атасы саналған бекзат болмыс иесі мерейтойының көпке ортақ екені айтпаса да түсінікті деп білеміз!

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.