Талдықорған: -2°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЖАҢАРҒАН МУЗЕЙ, ЖАҢҒЫРҒАН ЖӘДІГЕР

09.08.2024
ЖАНСАРАЙ
ЖАҢАРҒАН МУЗЕЙ, ЖАҢҒЫРҒАН ЖӘДІГЕР
WhatsAppTelegramFacebook

«Шоқан Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейі бүгінде туризмнің бір тұғырына айналып үлгерген. Арғысы мұхит асып АҚШ-тан, берісі Түркия елінен туристер арнайы келіп «Аққан жұлдыз» өмірімен танысып, жәдігерімен көз суарып, шырайлы шығыс шұғыласының барша дерегіне қанық болуда. Ал еліміздегі жоғары оқу орындарының білімгерлері мен ұстаздары, мектеп оқушылары шалғайдан келіп ғалым рухына тағзым жасап, мұраларымен танысуды дәстүрге айналдырған». 


Былтыр арнайы барып, музей жұмысымен танысқанымызда осылай деп тебірене жазып едік. Сол жазбада Мемлекет басшысының Жетісу облысына келген сапарында берген тапсырмасына сай музейді қайта жаңғырту жұмысы қолға алынғанын атап, өзіміз де игілікті істің көзайымы болғанбыз. Бүгін қайта қалпына келген кешенге келушілердің саны артқанын қуана хабарлайтын күнге жеттік.

Жалпы, кешенді нысан мен заман талабына сай безендірілген экспозициясы бар, жаңа кейіпке енген әрі 1130 экспонат қойылған музейді тамашалаушылар саны айтарлықтай өскен.
– Республикадан арнайы қаржы бөлініп, өткен жылы музей ғимараты күрделі жөндеуден өтті, экспозициясы заман талабына сай қайта безендірілді. Музейге лэд экран, ақпараттық дүңгіршек, диорамадағы фондық әуенді сүйемелдеу құрылғысы орнатылды. Біздің музейге шетелден де келіп жатады, соның ішінде Швеция, Жапония, Ресей ғалымдары мен журналистері де бар. Әсіресе, қайта жаңғыртудан өткеннен кейін халықтың музейге деген қызығушылығы арта түсті, – дейді музей директоры Марал Рахатова облыс әкімі баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Иә, рас, музейге келушілер Шоқанның өскен ортасы, өмір жолы, зерттеу сапарлары, ғылыми еңбектері, ағартушылық идеялары жайлы кең мағлұмат ала алады. Сол сияқты жиһанкездің өзі пайдаланған заттарды да көре алады. Мұнда ғалымның Қашқария сапарына алып барған тапаншасы мен сол жақтан тағып келген парша белбеуі, мыс табақ, қасық, бұрыш ұнтақтағыш сияқты тұрмыстық заттары бар. Осы орайда, мұражайдағы әр заттың тарихы тереңде, аңыз іспетті екенін де айрықша атап өтуге болады. Мәселен, өткен ғасырдың екінші жартысынан асқан шамада халқымыздың дара перзенті Дінмұхамед Ахметұлы  Қонаев бір келелі жиында Шоқан тағылымын тілге тиек етіпті. Сол жиында ардақтысын алқалаған ұлт көсемінің сөзінен арқаланған көкшетаулық азамат Шоқан жатқан жерді тарихи орынға айналдыру керегін, асылдың сүйегі Көкшетауда екенін айтыпты. Сонда Алаш ардақтысының ақтық демі қай жерде түгесілгенін білетін, басына қойылған белгітасты көзімен көрген Еңбек Ері, майдангер Игібай Базарбаев сөз алып, жөн сілтейді. Дәлелін де келісті келтіреді. Сұрапыл соғыста бір аяғын майдан даласына тастап келген Игібай Базарбайұлының сеніміне дерек болған белгітасты көзімізбен көрдік. Көңіл толқыды. Шоқан өмірден өткен соң 1881 жылы Константин фон Кауфманның бұйрығымен Колпаковский осы белгітасты түйеге артып, Екатеринбург қаласынан әкеліп ғалым еңбегі үшін басына орнатқан. Міне, осындай тарихы бар құлыптас Ш. Уәлихановтың жүріп өткен жолдарын бейнелеген 250 кг. қой жүнінен жасалған гобелен кілем музейге кіргеннен көз тартады. Сондай-ақ, Шоқанның қазақ даласына арнайы алғызып оқыған «Современник» журналын да музей жәдігерлерінің арасынан көруге болады. 

Айта кетерлігі, Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейіне өткен жылдың қараша айынан бері 2100 адам келген екен.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

04.02.2026
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

04.02.2026
Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын.

Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын.

04.02.2026
Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

04.02.2026
Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.