Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЖАДЫМЫЗДАН ӨШПЕЙТІН ЖЕТІСУ ЖАЙСАҢДАРЫ. МУЗЕЙДЕГІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ

02.03.2022
ЖАНСАРАЙ
ЖАДЫМЫЗДАН ӨШПЕЙТІН ЖЕТІСУ ЖАЙСАҢДАРЫ. МУЗЕЙДЕГІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер Нұртілеу Иманғалиұлының туғанына биыл — 70 жыл. Алаш жұртының сүйікті перзентіне айналған арда азамат, журналистика жамбозының мерейтойына орай М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде ел перзенттерін еске алған рухани шара өрнек тапты.

Аталған жиын шымылдығы Жетісу жерінің арда азаматтары туралы дайындалған бейнероликпен ашылды. Тележурналистиканың тарланбозы Нұртілеу Иманғалиұлының өмірінен сыр шертетін бейнероликте, сонымен қатар, Халық ақыны, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Әсімхан Қосбасаров,  классик жазушылар Бердібек Соқпақбаев пен Сайын Мұратбеков, «Тақиялы періште» фильмінде Тайлақтың рөлін сомдаған белгілі актер Әлімғазы Райымбеков, Мәскеу Олимпиадасының чемпионы, қазақтың даңқты палуаны Жақсылық Үшкемпіров, журналистика жұлдызы Бейсен Құранбек туралы жылы естеліктер көрермен назарына ұсынылды.

Өз кезегінде алғашқы болып облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев құттықтау сөз алды. Ол:

– Халық атпал азаматымен, ардақты тұлғаларымен тарихын түзеді. Ертеңге өнеге таратады. Кешегі күні ортамызда жүрген еңселі азаматтарды бүгін ел болып еске алып, есімін жаңғыртып жатсақ, ол да өскен халықтың өнегелі өмірі мен өміршең дәстүрінен алынған қасиетті қағида, – деп лебізін рухты сөзбен бастады. Одан кейінгі кезекте руханияттың көшін бастаған арда тұлғалардың жәдігері ертеңге тарих болып қалсын деп музейге тапсырғаны үшін азаматтардың ет жақындарына алғысын жеткізді.

Рухани шараға арнайы шақырылған қонақтар Әлімғазы Райымбековтің зайыбы Гүлжаухар Райымбекова мен ұлы Ертай Әлімғазыұлы, Жақсылық Үшкемпіровтің зайыбы Күлпан апа мен ұлы Елдос Жақсылықұлы, Нұртілеу Иманғалиұлының зайыбы Қарлығаш Табылдинова, Бейсен Құранбектің зайыбы Гүлмира Зербай мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев сөз алып, тұлғалар туралы жылы естеліктерімен бөлісті.

Өз кезегінде шараға қатысушы қауым тұлғалардың жеке заттарынан тұратын көрмені тамашалады. Мұнда ардақтылардың киімі мен бұйымы, қолсағаттары, мемлекеттік наградалары мен кітаптары, шығармашылық еңбектері ел назарына ұсынылды.

Тұлғалар өмірінен сыр шертетін экспонаттармен толыққан музейдегі салтанатты жиын барысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хаттары ел ардақтыларының жақындарына табыс етілді. Осылайша көңілді көкжиекпен астастырғандай жоғары деңгейде өткен шара Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының әншісі Шолпан Мойтапованың орындауындағы «Жетісу — өнер мекені» әнімен мәресіне жетті.

Кәмилла ТҰЯҚОВА

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.