Талдықорған: -1°C
$ 497.33
€ 586.70
₽ 6.48
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Жәкеңнің жыр жалғасы

24.02.2026
ЖАНСАРАЙ, РУХАНИЯТ
Жәкеңнің жыр жалғасы
WhatsAppTelegramFacebook

Он жылдан асты Үмбетәлі Кәрібаев әдеби мемориалды музейінде ғылыми қызметкермін. Ең алғаш музейге жұмысқа тұрған кезімде мекеме меңгерушісі Үмбетәлінің туған немересі, ақын Әуелбек Ысқақов еді. Ол Үмбетәлінің тұңғыш қызы Зейнептің баласы. Әуелбек аға атасы Үмбетәлі туралы үнемі айтып отыратын. Әсіресе, анасынан естіген әңгімелері мені қызықтыратын. Жамбыл Жабаевтың мерейтойы қарсаңында Әуелбек аға мен анасы Зейнептің айтқан естеліктері жайында әңгімелестік.

Анам адуынды мінезімен бізді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірді. Ол ешқашан мақтанып, лепіріп сөйлемейтін. Әкесін мақтан тұтып отырушы еді. Жырларын жатқа айтатын.

Бірде «Тәте, сіз Үмбетәлі ақынның қызысыз. Атама көптеген ақын, өнер адамы қонаққа келді, талай тұлғаны өз көзіңізбен көрдіңіз. Жамбыл атаны да өз көзіңізбен көрдіңіз бе?» деп сұрағаным бар. Анамның бұл орайдағы жауабы мына қалыпта өрілді:

– Біртуар өнер адамының біразымен дәмдес болғаным рас. Жамбыл атаны үш рет көрдім. 1934-1935 жылдар шамасы-ау деймін, алты жастан енді асқан кезім болатын. Әкем Үмбетәлі мен анам Өзипа бізді Қарғалының төріндегі жайлауға алып көшті. Ол қай бір жетіскен заман дейсің. Бар байлығымыз бір түйе мен бір ат қана, жүгіміз де жұпыны. Түс ауа біздің көшімізге сақалын ақ қырау шала бастаған бір қария ілесіп, жолай әкем екеуі ұзақ әңгімелесті. Кешке үй тігіліп болған соң да әлгі кісі біздің үйге қонып, әкеммен сыр шертісіп, өлең, дастан айтып, кейбір жерлерін бірнеше рет қайталап ұзақ отырды.

Біз баламыз, ерте ұйықтап қалдық. Ертесіне тұрсақ әлгі кісі жоқ. Анамыздан сұрап едік: «Ол Жамбыл аталарың ғой. Бағана сендер ұйықтап жатқанда кетіп қалды» деді. Атаның сол бейнесі есімде мәңгі қалып қойыпты. Ал Жәкеңді екінші рет 1936 жылы көрдім. Мәскеуден атағы аспандап келген ақынды қарсы алу рәсімі Ұзынағашта өтті. Ол кезде мен сегіз жастамын. Бізді ол жерге үлкен шешеміз Бөпежан апа арбамен апарған болатын. Жарықтық сөз түсінетін, өлеңді ұға білетін көкірегі ояу адам еді. Елден қалмай Жамбылды көрсін деп бізді әдейі апарған екен ғой.

Халықтың қарасы көп, кімнің кім екенін танып болмайсың. Әйтеуір Жамбыл атаны алыстан көрдім. Қасында ел азаматтары, олардың арасында домбырасын арқалап әкем де жүр.

Бәріміз Жамбыл атаны жақсы көріп, құрметтейтінбіз. Себебі, ата-анамыз ол кісіні үнемі дәріптеп, үлгі тұтып отыратын.
Жамбылды үшінші рет көргенім 1943 жыл болуы керек. Жаздың аяғы, күз болып қалған кез, Ұлы Отан соғысы жүріп жатыр. «Ақынның қызы едім» деп еркелеп жататын жай жоқ. Құрдасым Іңкәр Ибрайымова екеуміз таңның атысы, күннің батысы демей 13-14 шақырым жерден өгіз арбамен астық тасимыз. Әйтеуір бір тыным жоқ. Шаршадық демейміз. Сол еңбегіміз кейіннен ақталып, ауылдағы қыздардың ішінен Іңкәр екеуміз «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталдық.

Бір күні кешкітұрым біздің үйге Жамбыл ата келді. Кинодағы мініп жүрген көлігімен есік алдына тоқтады. Жанында шопырынан өзге тағы бір-екі адам бар. Олардың кім екені есімде жоқ. Әйтеуір әдемі киінген, түр-тұлғалары зиялы қауымға ұқсайды.

Жамбыл атам қонақ бөлмеде дастарқан басына жайғасты. Әкем екеуінің ағалы-інідей әңгіме айтып отырғанын шай құйып жүріп естіп жүрдім.

Біздің үйге қонақ келсе әкем Атажан апаны алдыратын. Ол кісі аңқылдаған ашық адам еді. Сол күні апамыздың Жәкеңе «Мені кемпір қылып ал» деп әзілдегені әлі есімде.
Кейін Жәкең кеткеннен кейін әкемнің:

Жамбыл, Жамбыл болғалы,
Жамбыл атқа қонғалы,
Тасқын судай бұрқырап,
Өлеңді селдей толғады, – дегені күні бүгінгідей құлағымда.

Ал енді Жамбыл өлеңдерін жатқа айтып, кейіннен оның жарық көруіне қомақты үлес қосқан әкем Үмбетәлі екенін мақтанышпен айта аламын. Әкемнің Жамбыл жырларының 90 пайызын жатқа біліп, үкіметке тапсырғанын білемін.

Жазушылар одағы қызметкерлерінің әкемнен Жамбыл жырларын жазып алғанын талай көргенмін. Әкемнің Жамбыл мен Құлмамбеттің айтысын басынан аяғына дейін қағазға түсіріп, «Жамбыл былай депті», «Құлмамбет былай депті» деп сол кездегі ауыл ақсақалдары Көшер мен Сартжан, Оспанбек, Атахан аталарға оқып беріп отырғанын өз құлағыммен естігем.

Нұрила Әбенқызымен болған айтысын да әкем өз қолымен хатқа түсірді. Кейіннен әкемнің ақын інілері Әсімхан Қосбасаров пен Исахан Телтаевтар осы айтыс жайлы әкемнен «Үмбеке, сіз шынымен Нұриладан жеңілдіңіз бе?» деп сұрағанда: «Әй, балалар! Нұрила деген өте мықты ақын, мен де оңай олжа емеспін. Бірақ, сол кезде әйел теңдігі деген шықты ғой…» деп жұмбақтау жауап беріп еді. Ол айтыстың 1921 жылы өткенін ел біледі.

Анам осылайша өткен күннің шуақты сәттерін есіне алып, Жамбыл Жабаев жайындағы естеліктерімен бөліскені әлі есімде.

Жамбылды жерлеу сәтіне қырғыз елінен бір топ ақын-жыршы кешігіп келеді. Олар келгенше Жамбылды жер қойнауына тапсырған екен. Сол кездегі дәстүр бойынша қырғыздар өз наздарын айтып «Жамбылды бізсіз неге көмесіңдер?» деп ренішін білдіреді. Осы сәтте Үмбетәлі ақын суырылып шығып Жамбыл топырағының басында ұзақ толғап жоқтау айтады (суретте). Үмбетәлінің өнеріне тәнті болған қырғыздар «Жамбылдың өзі өлсе де, көзі өлмепті» деп ризашылықтарын білдірген екен.

Меруерт ОРЫНБАЙҚЫЗЫ,
Ү. Кәрібаев әдеби-мемориалды
музейінің ғылыми
қызметкері

Қатысты жаңалықтар

Газ саласындағы цифрлық серпіліс: QazaqGaz Aimaq қосымшасын 500 мың адам жүктеп алды

Газ саласындағы цифрлық серпіліс: QazaqGaz Aimaq қосымшасын 500 мың адам жүктеп алды

24.02.2026
«Анадан ұлға хат» акциясы аясында іс-шара өтті

«Анадан ұлға хат» акциясы аясында іс-шара өтті

24.02.2026
Сарбаздарға ата-аналарынан келген хаттар табысталды

Сарбаздарға ата-аналарынан келген хаттар табысталды

24.02.2026
Уақыт талабынан туған

Уақыт талабынан туған

24.02.2026
Ораза ұстағандарға жеңілдік: Вагон-мейрамханаларда су мен құрма тегін беріледі

Ораза ұстағандарға жеңілдік: Вагон-мейрамханаларда су мен құрма тегін беріледі

24.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.