Талдықорған: -2°C
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЖАСУДАН ӨТКЕН АЛТЫН ЖІП немесе Би-апа театры туралы бірер сөз

27.03.2024
ЖАНСАРАЙ
ЖАСУДАН ӨТКЕН АЛТЫН ЖІП немесе Би-апа театры туралы бірер сөз
WhatsAppTelegramFacebook

Тіршіліктің қай тұсынан қарасаңыз адам өзінің бақыты үшін күресіп жүргенін байқайсыз. Қай санаттағы, қай жастағы жан болмасын, бақыт атты құндылықты толыққанды иелену үшін барынша алға ұмтылады, күреседі, қолынан келгенінше қарекет қылады. Әркім түрлі мағынада, бірі баласынан, бірі байлықтан, ендігі бірі мансаптан, ел алдындағы абыройдан, осы тектес толып жатқан дүниелерден бақытын іздейді. Айналып келгенде абыз жазушы Әбіш Кекілбаев айтқандай «бағаламағанға бақ, қадірлемегенге құт қонбайтыны» ақиқат.


Бұл ойды не үшін қаузадық?! Тағдыр арқалап жүріп тіршілік күйбеңінен бой суыту, ауыртпалықтан, иыққа түскен түрлі салмақтан арылу үшін үнемі театрға барамыз. Ана жанарына жас келтірген, шешесін қадірсіз дүниеге бола алмастырып жіберген, бақытты байлықтан іздеген, тарихына түкірген, елінің ез перзенті болған секілді сан түрлі кейіпкерді осынау театр әлемінде жолықтырасың. Жаның жабырқап, көкірек көзің дымданып, өмірлік сабақ алып шығасың. Үйіңде шәйін қайнатып, ақ тілеуін үстіңе төгіп отырған ақкөкірек анаңның бар екенін елемей, дастарқан басында жұмсақ тіл қатысып, сырласпай смартфонға телміргеніңе өкінесің. Театр табалдырығынан ұзай салысымен анаңа еміреніп барып еркелейсің. Алқаусыз әңгіме шертісесің. Ал жақсы маркалы көлік мінсем, жарқырап жүрсем деген қадірсіз арманды да ысырып қойып, он екі мүшеңнің сау, шамаңның жеткенінше адал өмір сүріп жатқаныңа театр қойылымдарын тамашалау арқылы шүкірлік етесің. Театр осындай ғой, өмірлік сабақ, ғұмырлық тағылым тарқататын ең киелі орынның бірі!

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының көрермені ретінде алғаш рет табалдырығын аттағанға да 15 жылға жуықтапты. Осынау уақыт ішінде өнер ошағының әр қойылымын терең зерделеп, сыни көзқараста көріп келдік. Кемшін түскен қойылым да болды. Десе де өзінің сүрлеу-сүрдегін, мектебін қалыптастырған өнер ордасындағы әр жылы ұсынылған премьералар үлкен талқылауға түсетін. 

Көбінде қарапайым көрермен көңілі аспанмен астасқандай болмаса да іштей тебіреніп, күрсініп, көзіне жас алып шығатын. Ал, керісінше, тірліктің күйбеңінен арылтар комедиялар да жанға ләззат сыйлағаны жасырын емес. Қалай десек те Би-апа театры 50 жылға таяған тарихында өз көрерменін қуантып, әр адамға ғұмырлық дәріс беріп келгені жасырын емес. 

«Театр – қоғамның айнасы» деген сөз бар. Шындығында қазақ қоғамындағы келеңсіз жайттар мен рухани өрісін таба алмай келген тақырыптарды арқау еткен қойылымдар арқылы Биапа театры межелі міндетті мүлтіксіз арқалай білді. Мәселені алыстан орағытпай бір ғана классикалық қойылымға айналған «Бір түп алма ағашы» мен «Қос мұңлықтың» өзін алсақ, осынау туындылар дәуір жасуынан өткен алтын жіптей ардақты екеніне шүбә жоқ. Отбасы құндылығын, әке мен баланың, шеше мен перзенттің арасының уақыт жылжыған сайын шиеленісе түскенін, жауапкершілік жүгі салмақсыздана бастағанын қойылым арқылы аңғаруға болады. Қасірет шеккен баласын  ажалға қимайтын ананың ғазиз жүрегі мен мейірім-махаббатының қаншалықты терең екенін «Қос мұңлық» арқылы түсініп-түйсінгенбіз. 

Самарқау ойлап, еренсіз жүрген жан болмасақ та  салмақтай алмаған тірлік құндылығын театрға барған сайын ұғынып келеміз. «Қоғамның айнасы» деген атауға ие күллі өнер ордасындағы қоржынды ақтарып, асылын айшықтап берерліктей Қазақстандағы күллі театрдың көрермені болып үлгерген жоқпыз. Десе де өзіміздің тотыдай таранған Талдықорғандағы өнердің басты ордасына жиі бас сұғамыз. Расымен де  Бикен Римова театрында жыл сайын жаңалық орын алады. Биылдың өзінде 3 премьера көрерменге жол тартты. Олар – «Таптым-ау сені», «Қазақтың тойы бітпесін», «Кездесу мен қоштасу» лирикалық, психологиялық драмалар. Аталған үш қойылымда да отбасы құндылығы жыр болған. Қазақ жастарының отбасын құра салып бірбірінен мезгілсіз суынуы, ажырасудың жиілегені, түсінік пен танымның қарама-қайшы шығуы, арулардың қалталы шетел азаматына қол созуы, керісінше, қазақ азаматтарының ажырасқан қызды жеңіл жүрісті әйел деп қабылдауы секілді дүниелер көтерілген бұл туындылар танымды кеңейтіп, санаға сәуле түсіреді. Қазақ қоғамының асқынған дертіндей аталған мәселелерді сахна тілімен әдемі түсіндіреді. Бұл 3 премьера «Қоғамның айнасы» болған театрдың нарқы мен парқын айшықтап-ақ тұр. 

Иә, Би-апа театрының қоржыны қазақы колоритке бай қойылымға толы. Әр жылы арнайы тапсырмамен қойылған туындылардан бөлек, «Ана», «Қара шекпен», «Қорғансыздың күні», «Ең жақсы еркек», «Хақ жолы», «Күйеуіңізді сатыңызшы», «Ревизор» секілді көптеген қойылым көрерменін тәнті етті. Осы ретте театр актерлерінің шеберлігін, олардың өнер үшін қалтқысыз қызметін де атап өтуге негіз бар. Тіпті, қоғамдық шараларда, мерейтойлар мен мемлекеттік мерекелерде алдыңғы шепте жүретін де осы театр саңлақтары мен жас буын өкілдері. Ал Алмахан Кенжебекова, Кендебай Темірбай- ұлы, Серік Нұрхалық, марқұм Мұса Әжібеков секілді (шұбырып кетпес үшін бәрін атамадық) алдыңғы буын аға-апайлар шәкірт тәрбиелеу ісінде де жетісулық дарындарға шарапатын тигізіп, өнер жолына түсуге мұрындық болғанын айта кеткен жөн. Қалай десек те қазақ театр әлемінде Би-апа өнер ұжымы өзіндік қолтаңба қалыптастырып, мектеп түзе білді. Талай байқау мен фестивальге ат қосып, абыройлы болды. Ендеше, барша жетісулықтың көзайымына айналған өнер ордасы 50 жылдық һәм ғасырлық тойына аман жетсін, өткен төл мерекелері құтты болсын дегіміз келеді.

АРДА БИ
 

Қатысты жаңалықтар

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

05.02.2026
 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

05.02.2026
Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

05.02.2026
Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

05.02.2026
Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.