Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Жақсы ұстаз – жаратылысынан

11.11.2024
ЖАНСАРАЙ
Жақсы ұстаз – жаратылысынан
WhatsAppTelegramFacebook

Ұстаздық адамның туабітті жаратылысынан келеді . Осы мамандыққа жалақы алу үшін, күнкөріс үшін баратындар – ұрпақтың соры. Басқа мамандықта, бәлкім, кеткен қатеңді түзетуге болар. Ал ұстаз бола жүріп қате жіберсең оны түзету қиын. Сол болмашы қателігің шәкіртіңнің жүрегін жаралауы , ақты қаралауы , дарынсызды даралауы , таланттыны тасада қалдыруы мүмкін. Әдіскер мұғалім, Қазақстан Республикасы Халық ағарту ісінің озық қызметкері, Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері   Жамбытай Нұрекенова    75 жастың биігінен өткен күндеріне көз жүгірткен сәтінде мектеп мұғалімдерінің арасында осы мамандыққа жүрек қалауымен келгендермен қатар кездейсоқ жүргендердің де кездесіп қалатынын жоққа шығармайды.  

Расында да диплом алғанның барлығы мұғалім деген атаққа сай бола алмайды. Бала сені мойындамаса өзіңді қалайша ұстаздар сапына қоясың?! Ұстаздықтың шыңы  жақсы сабақ беруіңмен ғана шектелмейді. Тақырыпты жақсы білуің, баланы жақсы көруің алғашқы күннен бастап сезіліп тұрады. Ой-өрісің, сөйлеу мәнерің, киім киісің көзге көрінбей шәкіртіңе сіңіп кететін рухани нәр. Сол нәрдің бірінен құралақан қалсаң ұстаздық тұлғаңа мін емес пе? Жамбытай Нұрекеқызы мұғалімдермен сұхбаттасқанда осы мәселеге ерекше мән береді.

 1949 жылы  Бөрлітөбе ауданының Қарашыған елді мекенінде дүниеге келген ол  1957-1960 жылдары осындағы бастауыш мектепте, 1960-1967 жылдары «Үлгі» колхозындағы ВЛКСМ — нің 30 жылдығы атындағы мектепте білім алды.  Алаңсыз бала көңіліне жұмақтың төрі осы жерде секілді елестейді. Балығы  тулаған, аң-құсы шулаған, ну тоғайы, қалың қамысы, жыңғылы мен шеңгелі, жидесі мен тораңғысы жарыса  өскен  Шұбартүбек өңіріне жететін жер жоқ сияқты ол үшін.

Әкесі Тұрымбайұлы Нұреке мен анасы Бөлендіқызы Жамалдың отбасында 3 бала тәрбиеленді. Туған жері Лепсі көмекші шаруашылығында   8 жылдық орыс мектебі болатын. Мұнда  тек бастауыш сыныптар ғана қазақ тілінде оқытылатын. Осы  жерден 3-сыныпты бітірген соң, Үлгіге барып оқығаны есінен шықпайды. Алғашқы әліппені жаттатқызып, қолына тұңғыш қалам ұстатқан бастауыш сыныптағы ұстазы марқұм Қанаш Молдахметов еді.  Ол кезде «Үлгі» колхозында 10 жылдық мектеп болғандықтан жан- жақтан білім іздеген оқушылар сол мектепке жиналатын. «1 Май», «Красный  рыбак» колхозынан, Қарашығаннан келіп  көптеген бала интернатта тұрып оқитын.

Жоғары сыныпта  қазақ тілі мен әдебиетінен Ердембек Молбаев, сынып жетекшісі Секербек Жаналин,  физика пәнінен  Мырзабай ағай,  тарихшы   Шайзада ағай,  орыс тілі мен әдебиет пәнінен беретін Тасқия  Сыбғатқызы,  әскери пән  мұғалімі  Шәку Ошақбаев есімдері болашақ мұғалімнің   жүрегіне жатталғаны сөзсіз.

– 1967  жылы оқуды бітірісімен  арман қуып, сол кездегі жастар сияқты  анамның  ақ батасын алған соң мен де Алматыға  аттандым, – дейді арманшыл жасөспірім кезін еске алған Жамбытай Нұрекеқызы. – КазПИ-дің  филология  факультетіне оқуға түсіп, арман-тілегім орындалды. Сондағы  анамның қуанғанын сөзбен жеткізе алмаймын. Ол кісінің де тілегі қабыл болған сияқты. Алғашқы еңбек жолымды Ерікті орта мектебінде  Қаншатай Әбеуқызының қол астында бастадым, ары қарай Ақтоғай  стансысындағы №251 теміржол мектебінде   Жұмағали Бабаханов ,  Омархан Құрманғалиев сияқты мықты басшылардың қарамағында жұмыс істеп ысылып, тәжірибе жинақтадым.

Жылдар жемісін ала келді. Жас маманның біліктілігі елеусіз қалмады. 1977 жылы аудандық оқу бөліміне қызметке шақырылды.  1977-1988 жылдары Бөрлітөбе  аудандық оқу бөлімінде әдістемелік кабинет меңгерушісі болып,  аудандық  оқу бөліміне  жетекшілік еткен Мұқатай Иманбаев, Ақан Байбурин ағаларымен, Нұртай  Ршымбетовпен  бірге қызмет атқарды.

Ол кезде  ауданға  қарасты 12  мектеп, 7 балабақша, 5 мектеп- интернат жұмыс  істейтін. Мектептердің білім сапасына,  балалардың дұрыс демалуы мен тәрбиеленуіне  ерекше көңіл бөлетін және партия, кеңес органдары тарапынан қатты бақыланып отыратын. Сондай-ақ, әдістемелік кабинетте Фарида Қабденқызы, Фатима Мұраталиқызы, Баян Асқарбекқызы, Жеміс Мансұрқызы, Гүлбану Кулчикова , Ләйля Тәкішқызы, Бақыт Абдрахманова сияқты методистер және Болат Майшынов, Марат Дакубаев сынды инспекторлар мектептерге әдістемелік көмек көрсету, инспекторлық бақылау жұмыстарын жүргізді.             

1988 жылы өмірлік жолдасы Болат Есенғалиұлының облыстық ішкі істер басқармасына қызметке ауысуына  байланысты Талдықорған  қаласындағы №17 экспериментальді мектепте  атақты Белоруссия  профессоры  В. Кочетовтың  қарамағында  мектеп  оқулықтарына апробация жасау,  оқу тәрбие саласында ғылыми-тәжірибелік жұмыспен  шұғылданған ол 1990  жылы облыс орталығы Талдықорғанда тұңғыш қазақ мектебі  болып ашылған Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-гимназияға директордың  ғылыми-әдістемелік  орынбасары қызметіне тағайындалды. Егемендік  алған алғашқы  жылдар  еліміз үшін  қиыншылығы көп болса да ертеңінен үміт күткен елмен бірге  мектеп ұстаздары да  жас ұрпаққа білім  беруге  күш-жігерін аямады. 

– Бірде бір мұғалімнің оқушыларды өзіне тарту үшін бағаға жомарттық танытатынын байқадым. Журналдағы қаптаған бес пен төртті көріп жас әріптесіме: «Бағаны асыра қойып абырой жинаймын деуің қателік, қайта ол сенің беделіңді түсіреді. Беске оқитын оқушы білімі өзіне маңайламайтынның жоғары балл алғанына қалай қарайды? Әділдікке нұқсан келтіріп жүрген жоқсың ба?» деп ескерту жасағаным бар. Кейіннен ол кабинетіме арнайы келіп, қателігін түзегеніме зор алғыс айтты, – деп өткеннің ойлы-қырлы өткелектерінен сыр шертеді ұлағатты ұстаз.

Өмірін  ұстаздықпен ұштастырған Жамбытай апай  бақытты отбасын құрды.  Жолдасы Болат Молдабеков білікті заңгер, әділет полковнигі, қазіргі кезде І. Жансүгіров атындағы университетте жоғары экономика және құқық мектебінде  оқытушы  болып қызмет атқарады. «Бала деген жүрегіңнің бөлшегі, бала деген өміріңнің өлшемі» дегендей 3 ұлдан  6 немере, 1 шөбере көрді.   Үш ұлы  да әке жолын қуып заңгерлік мамандықты таңдады.

– Ұрпағымыздың  келешегінен үлкен үміт күтемін, өз еліне абыроймен еңбек етсе екен, – дейді ұстаз-ана әңгімесінің соңында.

Әркім өз әлемін, өз өмірін өзі құрады. Бәріміздің көкейімізде жүретін бақыт деген ұғым сол әлемнің бір кірпіші ғана. Бақытты шарқ ұрып басқа жақтан іздеудің қажеті жоқ. Әр адам өз бақытын ақ отауының ішінде өзі жасайды. Жан сарайы жақсылықпен жаңғырып тұратын, барға қанағат ететін, бақыт дегенді балаларым деп бағалайтын отбасының алтын діңгегі Жамбытай апай айналасына көркем мінезімен үлгі болып келеді.

Жомарт ИГІМАН,
Қазақстанның Құрметті журналисі

Қатысты жаңалықтар

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

02.02.2026
Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026
Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

02.02.2026
Қазақстан халқы бір жылда 212 мыңнан аса адамға өсті

Қазақстан халқы бір жылда 212 мыңнан аса адамға өсті

02.02.2026
Бір ойын – бір ғұмыр

Бір ойын – бір ғұмыр

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.