Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЖАҚСЫ ТУАР ЕЛ ҮШІН

20.05.2022
ЖАНСАРАЙ
ЖАҚСЫ ТУАР ЕЛ ҮШІН
WhatsAppTelegramFacebook

Журналистика саласында еңбек ете жүріп қазақтың талай тарланбозымен таныс болу бақыты бұйырды. Жұмыс барысында ондай азаматтардың бірқатарымен күн сайын дерлік хабарласамыз.  Мақсат – ақпарат алып, халыққа тарату.  Өзіміз қалам тербеп жүрген салаға жауапты адам болса тіпті біте қайнасып кетеміз.  Қызметте, жиналыста, тіпті іссапарда да біргеміз. Себебі, илегеніміз бір терінің пұшпағы. Біз әкімдік пен халық арасындағы алтын көпірміз.  

Көп жыл экономика бөлімінде қызмет істегендіктен Сайлау Жұхаев ағаны жақсы танушы едім. Мінезі орнықты. Сабырлы, ұстамды, байсалды. Қашанда елдің жел жағында жүретін.

Орман шаруашылығы мекемесінің жұмысын ілгерілету, табиғат қорғау барысында ұшан-теңіз шаруа атқарды. Облыста Сиверс алмасын өсіруге, өнімді мол алуға күш салды. Орман шаруашылықтарының техникалық базасын жақсартып, табиғатты зиянкестерден қорғау барысында жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланды. Өрттің алдын алу шараларын жандандырды.

Ағаның болмыс-бітімінің өзі  ерекше еді. Асықпайтын, аптықпайтын байсалды мінезіне қарап әр шешімін сараптап, салмақтап барып қабылдайтын басшы екендігін байқайтынбыз.

Қызмет істеген жылдары ағамыздың біреуге дауыс көтеріп сөйлегенін көрмедік. Көпшілік алдында өз ойын күлбілтелемей ашық айтатын өткірлігіне, өз позициясын, пікірін қорғаудағы батылдығына, сол пікірін жеткізу шеберлігіне таң қалатынбыз.

Екі мыңыншы жылдың басы жаңадан құрылған  Алматы облысының Талдықорған өңірі үшін жаңалыққа толы болды. Күн сайын жаңа шара өтіп, кенжелеп қалған саланың кем-кетігі қалпына келтіріліп жататын.

Жасыратыны жоқ, ол кез қалыптасқан жағдайға байланысты табиғат байлықтары да талан-таражға түсе бастаған кез еді. Осы өңірде алабөтен байқалған экономикалық құлдыраудың салдарынан күнкөріс қамы елді есеңгіретіп жіберген. Қорғалуға жататын жыңғыл, тораңғы, сексеуіл тоғайлары орманшылардың көзін ала бере аяусыз бұталып, шабылып жатты. Браконьерлер аң-құсқа жаудай тиді.  Қорғалуға тиіс елік, марал сынды жануарлар қандықол қаскөйлердің табыс көзіне айналды. Экономикалық қиыншылықтар кезінде табиғат қорғаумен айналысатын кейбір мекемелердің жұмысы қожырап кеткендіктен бұл мәселе бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі туындады.

Табиғат байлығы Жаратқанның ғажайып сыйлығы, ата-бабамыздан қалған баға жетпес мұра іспетті. Оны кейінгі ұрпаққа сол қалпында қалдыру, мүмкіндік болып жатса сол байлықты еселей түсу замандастарымыздың алдында тұрған басты міндет, мақсат десек, ешбір асырып айтқандық бола қоймайды.

Сайлау Жұқаұлы салаға басшылық еткен жылдары осы мәселені мықтап қолға алды. Табиғат қорғау қызметкерлеріне қойылатын талап қатайтылып, ең алдымен Қызыл кітапқа енген, басқа да сиреп бара жатқан аң-құстарды қорғау шаралары күшейтілді.

Сиреп бара жатқан аң-құс демекші, оларды қорғау мәселесін жолға қою үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру маңызы ерекше. Сәкең сол мақсатпен қабылданған «Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру ережесiн бекіту туралы» қаулысының орындалуына ұйытқы болды. Бұл орайда атқарылған басқа да маңызды шаралар туралы көптеп айтуға болады.

Байтақ Қазақстанның аумағы тәрізді облысымыздың да жері кең-байтақ. Онда асқар тау мен ну тоғай, құмды шөлейт өңірлермен қатар сулы-нулы аумақтар кезектесіп отырады. Әрқайсының өз ерекшелігі бар. Ондай өңірлердің баурайындағы байлық та қорғауды қажет етеді. Сондай-ақ, облыс көлемінде салынатын магистральді жолдар, газ, су құбырларын тарту барысы да табиғат қорғау басқармасының жіті қадағалауында. Бұл жерде жаңағыдай желілердің талапқа сай тартылуы назарда ұсталады.

Сайлау Жұқаұлы ауылшаруашылық, орман, табиғат қорғау салаларының жұмысын жандандыруға өлшеусіз күш жұмсады. Соған орай жұртшылық ризашылығын, елінің алғысын арқалады.

Жарық дүниеде соңына жақсы сөз, өзі туралы жақсы пікір, естеліктер қалдырған Сайлау аға еңбек жолын мал дәрігері болып бастапты. Содан кейін де оның өмір жолы ауыл шаруашылығы саласымен біте қайнасты.

Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында оқып, мал дәрігері мамандығын алып шыққан ол біраз жыл еңбек еткен соң екінші мамандықты меңгерді. Қазақ Ұлттық университетінде білім алып, «орман шаруашылық ісі» мамандығын алды. Сәл алға озып кетіп баяндайтын болсақ, осынау екі мамандығы да өміріне азық болды.

Жас маман жетпісінші жылдардың басында жаңа құрылған Күрті ауданындағы «Құйған» кеңшарында мал дәрігері міндетін атқарып, өзінің біліктілік, ұйымдастырушылық қасиеттерімен көзге түсті.

Совхоз малшыларын дұрыс ұйыстыра білсең талай істің сапалы аяқталары сөзсіз. Сондықтан басшы үшін көппен тіл табыса білу басты қасиет. Мұндай қасиеттер жас маманның бойынан көптеп табылатын. 

Ол кездерде жалын жігер жастарды комсомол ұйымдары біріктіретін. Содан кейін де аталған ұйымның жетекшілігіне негізінен күш-қайраты тасып тұрған жастар, ұйымдастыру қабілеті жоғары азаматтар тартылатын. Қыз-жігіттерді еңбекке баулу, олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру да комсомол ұйымының негізгі міндеті саналатын. Сондай талап үдесінен көрінген Сайлау Жұқаұлына жаңа міндет жүктеліп, Күрті аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы қызметіне сайланды. 

Сол кездегі жастар жетекшілері комсомол бригадаларын құрып, жастар белсенділігін арттырып қана қоймай олар еңбек ететін шаруашылық экономикасын көтеруге де барынша күш салды. Осы мақсатқа жұмылғандардың қатарында басшылық назарына ілінген жауапкершілігі мол азамат қандай істі болса да дөңгелентіп әкететіндігімен ерекшеленді.

Бастамашыл, қандай тапсырманы болсын бұлжытпай орындайтын маман одан да жоғары қызметке лайық деп танылды. Соған орай екі жыл комсомолда қызмет істеп ысылған маман Күрті аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөліміне жұмысқа шақырылды. 

Партия темірдей тәртіпті талап етеді. Бұл жерде әр адамның ар-ожданы, қызметке адалдығы, әдебі негізгі орынға қойылады. Өзің жоғары талапқа лайықты болумен қатар басқаға да сондай талап қоя білуің керек. Соған орай жауапкершіліктің де жүгі ауыр.

Ол бұл қызметте жүріп ондай жауапкершілікті жан-тәнімен сезініп қана қоймай тәртіп пен талапқа сай болу қажеттігін де бойына әбден сіңірді.

Әйтсе де қаршадайынан ауыл тіршілігіне араласып өскен оның ауыл шаруашылығында жұмыс істеуге аңсары ауа берді. Содан кейін де шығар, алдағы уақытта ауылшаруашылық саласымен біте-қайнаса жұмыс істеуді мақсат етті. 

Еңбек жолын мал дәрігерліктен бастағандықтан астық, мал, жемшөп дайындау ісі жанына жақын еді. Ақыры бұл мақсаты да орындалып, екі жыл Күрті аудандық партия комитетінде ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарды. Одан кейінгі уақытта қауырт науқаны мен қарбалас тіршілігі қызып жататын кеңшар басшылығы қызметіне ауысты.

«Желтораңғы» кеңшарының директорлық қызметі оның оң жамбасына келе кетті.  «Жақсы туар ел үшін» дегендей, жігерлі де білікті басшы «Желтораңғыны» өркендету, елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту барысында күн мен түнді алмастыра еңбек етті.

Сол кезді еске алған ауылдасы Ерғазы Қошанбеков: «Сәкең  ауылды жақсы көрді. Халықпен тіл табыса еңбек етті. Сол үшін ауылдың үлкен-кішісі де сыйлады. Халық мұндайда «Сыйлаған елдің құлы бол, құлы бол да пірі бол», – дейді емес пе? Шаруашылық басшысы болған кезде кеңшардың экономикасы айтарлықтай алға басты. Қоғамдық мал басы көбейіп, ауыл көркі ажарланды. Еңбек тәртібі жолға қойылды. Көшелерге таза ауыз су тартылды. Бірнеше көшеге асфальт төселіп, электр жарығы орнатылды. Ағаштар егіліп, жасыл желек бой көтерді.

Сол кезде «Тұрғын үй – 91» деген бағдарлама қабылданып, әр жылда 20-30 үйден соғылып, біраз еңбеккер, әсіресе қаншама жыл мал соңында жүрген малшы-бақташылар баспаналы болды. Мұндай үйге жету  қысы-жазы төрт түліктің соңында жүрген малшылар үшін арман болып келген еді. Сол армандары кеңшарға Сайлау басшылық еткен кезде орындалып, көңілдері жайланды. Мен Сәкеңмен жақсы сыйластым. «Жақсымен жолдас болсаң орның төрде болады» деген сөздің шындығына Сәкең арқылы көз жеткіздім», – деп тебіренеді. – Бір білетініміз, сол кезде ауыл  мектебі күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңа типті балабақша салынды. Сайлау Жұқаұлы мектепке Дінмұхамед Қонаев атамыздың атын бергізіп, Қонаев мұражайын ашты. Мемлекет, қоғам қайраткері Серік Үмбетов мектеп алдына Димекеңнің ескерткішін қойдырды. Сөйтіп жақсылар үндестігі Қонаев атамыздың атын аспандатты. Өткенге құрмет көрсетудің үлгісі,  ғибратты ғұмыр дегеніміз де осы болар?

Көптің қамын ойласаң, өз қамың соның ішінде. Сол айтқандай, ел алдындағы адал қызмет Сайлау Жұқаұлының мәртебесін асырды. Абыройы артты.  Сый-құрметке бөленді.

Бірнеше жыл шаруашылықты басқарған ол кейіннен Күрті ауданының орман шаруашылығы бөлімін басқарды. Ал, 2006 жылдан облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшылығына тағайындалды. Ол кездегі атқарған шаруасын жоғарыда атап өттік. Осы кезде жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған табиғат байлықтары көп ретте Сайлау ағамыздың күш-жігерінің арқасында аман қалды.  

Жұлдыздар із тастап ағады. Сайлау Жұқаұлының соңында да сондай тәлімді істері, жары Гүлнәр екеуі өсірген тәлімді ұрпағы қалды. Балалары мен немерелері әкенің ақ жолымен ержетіп, әр салада еңбек етіп, өсіп-өніп келеді.

Ата қайратты болса бала ғибратты. «Ғибратты ғұмырыңыз ұрпағыңызбен жалғаса берсін!» дегіміз келеді Сайлау ағаның рухына.

Гүлжан Тұрсын

 

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.