Талдықорған: +1°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КӨБЕЙДІ

03.09.2024
ЖАНСАРАЙ
ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ КӨБЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу өңірінде қай мерекеде де жұртшылық мезіретсіз қалған емес. Күнтізбедегі қызыл дата жақындағаннан халық та атқарушы биліктен тарту күтеді. Бұл қанша жылдан қалыптасқан дағды, жүйеленген үрдіс. Ел азаттығының басты нышаны Ата Заң күніне орай Ескелді ауданының әкімдігі бірнеше ауылға тарту жасады. Алғашқылардың бірі болып Алдабергенов ауылдық округіне қарасты Жаңалық ауылының тұрғындары шаттыққа кенелді. Мұнда блокты-модульді медициналық пункт ашылды. 


Жалпы, Жетісу өңірінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасына аса ден қойылған. Соның айшығы облыс бойынша сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру мақсатында жылдам һәм сапалы, әрине, заманауи блокты-модульді медициналық нысандар көптеп салынуда. Мәселен, бір ғана Ескелді ауданында соңғы үш жылда осындай 7 пункт пайдалануға берілді. Аудан әкімі Елдос Ахметовтың сөзіне сенсек, Жаңалық ауылынан бөлек жыл соңына дейін екі елді мекенде медициналық нысан пайдалануға берілмек. 

Жаңалық ауылының 440 тұрғынының қуанышын бөлісе келген аудан басшысы мұнан өзге ақжолтай жаңалықтарымен бөлісті. 

– Мемлекет басшысының «Баршаға бірдей мүмкіндік» қағидаты аясында ауыл тұрғындарына әлеуметтік маңызды қызметтерге қолжетімділікті арттырып жатырмыз. Соның айқын көрінісі енді Жаңалық ауылының тұрғындары сапалы медициналық қызметтердің игілігін көрмек. Одан өзге қыргүйек айында елді мекен көгілдір отынға қол жеткізеді. Газ желісін тарту жұмыстары тамамдалуға таяу. Жоспарға сай келер жылы ауылға су желісі тартылады, жаңа мектеп салынады. Мұндай ауқымды жұмыстар Мемлекет басшысының, облыс әкімінің қамқорлығы аясында жүзеге асуда, – деді Елдос Ахметов. 

Жаңалықтағы жаңа нысанды «ИдиалСтройЭксперт» ЖШС салған. Жоба құны – 30 млн. теңгеге жуық. Серіктестік жетекшісінің сөзінше, шілде айында басталған құрылыс жұмыстарына 6 ауыл тұрғыны тартылыпты. Ауылдың ақжаулықты анасы Орал Ахметова атқарушы билік өкілдеріне, серіктестік басшылығына алғаусыз алғысын жеткізді. Айтуынша, тұрғындар 1982 жылы салынған ғимаратта әбден әбігерге түсіп келген. Тозығы жеткен әрі тар нысанда медициналық жабдық та жеткіліксіз болған. Енді 30-дан аса көпбалалы отбасы бар ауылдағылар кең һәм заманауи нысанда ақ халаттыларға именбей жүгіне алады.

«Балам – болашағым» дейді дана қазақ. Сол сөздің мәні де, мәйегі де, қандай заман туса да өзгермейді. Өзінің һәм елінің болашағын баласына байлаған елімізде ұрпақ саулығы мен сапалы білім алуы үшін жан-жақты жұмыстар атқарылуда. Біршама уақыт  үшауысымды мектеп мәселесі талайдың шымбайына батып жүрген. Қазір айтулы түйткілге нүкте қойылды. Мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамту жайы да талайды алаңдатушы еді. Жетісу өңірінде бұл мәселені шешуде ауыз толтырып айтар қарекет бар. Бастысы, жергілікті билік қол қусырып қарап отырған жоқ. Мәселен, Ескелді ауданына қарасты М. Байысов ауылында Конституция күніне орай «Айшуақ» балабақшасы есігін айқара ашты. Заманауи үлгідегі бөбекжай 50 бүлдіршінді тәрбиелемек. 

Ауыл көп жылдан балабақшаға сұранып тұрған. Кеңес заманында салынған нысан жекенің меншігіне өткен соң есігіне қара құлып түсіпті. Қараусыз тұрғасын өңі қашқан балабақша ғимаратын жергілікті әкімдік келіссөздер нәтижесінде мемлекет меншігіне қайтарып, қайта жаңғыртып, ел игілігіне тарту етуде. «Фирма Мега-Сервис» серіктестігі азғантай уақытта тозған ғимаратты озған балабақшаға айналдырды. Оған бюджеттен 370 млн. теңге қаралған еді. Ауыл тұрғындарын Жетісу облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов құттықтай келіпті. 

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сай балаларды 100 пайыз балабақшамен қамту міндеті тұр. Ескелді ауданында қазір 14 балабақша бар. Оның 10-ы мемлекеттік. Сонымен қатар мектептер жанында 14 шағын орталықтар жұмыс жүргізуде. Бастысы, мұнан былай ауыл бүлдіршіндері жаңа балабақшада тәлім алмақ, – деген Марат Сүлейменов балабақшаға музыкалық аппарат тарту етті.

Сонымен қатар, Жалғызағаш ауылында да тұрғындар шаттыққа кенелді. Мұнда су жаңа әкімдік ғимаратының лентасы қиылды. 140 шаршы метр болатын нысан да блокты-модульді. Құрылыс жұмыстарын «Бигстройсервис» ЖШС жүргізген. Құрылыс жұмыстарына бюджет қалтасынан 38 млн. теңге бөлінген. Алты бөлмелі, еңселі әкімдік ғимаратының пайдалануға берілгеніне Ләззат Жаңбырбаева баладай қуанып жүр. Қазір бас маман қызметін тізгіндеген ол 22 жылдан бері қызмет етіп келеді. 1960 жылдары салынған ескі ғимаратта талай қиындықты бастан өткерген. Қыста суық, жазда ыстық көне әкімдік көмірмен жылытылатын. Жаңасында мұндай мәселе болмайды. 

– Ескі ғимаратта ауыл әкімдігі, мәдениет үйінің қызметкерлері, кітапхана, пошта және ветеринария қызметкерлерімен иін тіресіп отырдық. Былтыр ветеринариялық пункт салынды. Биыл жаңа әкімдік ғимараты қолданысқа берілді. Тәуелсіздік алған кезде тоқыраған ауылымыз түлеп келеді. Бастысы, тұрғындардың игілігі үшін оңтайлы шешімдер шығаратын орын болсын, – деді бас маман. 

Жаңа ғимараттың ашылуына орай жаңа жұмыс орны да қалыптасады. Енді әкімдікте 10 адам қызмет етеді, оның тең жартысы техникалық қызметкерлер болмақ.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Жасанды интеллект және өндіріс: Қазақстанның ірі зауыттары қалай цифрландырылуда?

Жасанды интеллект және өндіріс: Қазақстанның ірі зауыттары қалай цифрландырылуда?

04.02.2026
Тіл текетірестің қаруына айналмауы керек – Ермұрат Бапи

Тіл текетірестің қаруына айналмауы керек – Ермұрат Бапи

04.02.2026
Тау шаңғысы: Скороходова мен Хохлов FIS турнирінде үздіктер қатарынан көрінді

Тау шаңғысы: Скороходова мен Хохлов FIS турнирінде үздіктер қатарынан көрінді

04.02.2026
Мәжіліс декреттегі әкелерге қатысты маңызды заңды қабылдады

Мәжіліс декреттегі әкелерге қатысты маңызды заңды қабылдады

04.02.2026
Биыл 850-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Биыл 850-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.