Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Қазақ волейболының жауһары

02.08.2025
АЛТЫН ТҰҒЫР, ЖАНСАРАЙ
Қазақ волейболының жауһары
WhatsAppTelegramFacebook

Әдетте уысқа жауһар түссе оның бағасы артып, көрер көзге ерекше жарқырауы үшін барды салып, аялауға кірісесің. Бүгінде еңсесі басылып, жанкүйерлеріне шуақты сәт сыйлаудан саяқтап қалған волейболшыларымыздың нәтижесін түгендеп, есесін қайтаратын дарынды допсүйер қыз өсіп келеді. Оның Орта Азия чемпионатындағы ойыны әлі ел аузында. Сарыала допты серік еткен сұлудың сойқан соққылары, тосқауылға шеберлікпен шығуы, алаңдағы орынды ұқыпты алмастыруы – көпшіліктен ерекшелеп тұрады. Өз тарапымыздан һас сұлудың болашағы жарқын болып, әлем сүйсінер волейболшы есебінде қалыптасуына тілектеспіз.

«Жетісу» – жеңіс дәстүрі үзілмеген, тарихы бай, алдыңғы қатарлы волейбол клубы. Ал аталған командаға қабылданып, сол ұжымның мүшесі болу көптеген жас ойыншының арманы. Баланың мақсаты жолында әке мен ана қашанда қолдаушы, шынайы жанашыр. Асылы Әбітай 2011 жылдың 29 сәуірінде Жетісу облысына қарасты Сарқан қаласында дүниеге келген. Аңсары допқа ауған қыз 8 жасынан волейболмен тұрақты айналысады. Ағасы волейбол ойнағаннан кейін сонымен ере барып қызығушылығы оянып, өзі де үйірмеге жазылады. Бірінші бапкері – Олжас Әмірғалиев. Аудан ішіндегі, облыс арасындағы жарыстарда жүргенде бапкер Болат Сәбиттің көзіне түсіп, Асылыны әкесі мен анасынан қолқалап сұрап алады. Ананың тілегі, әкенің сенімі қашанда өрге бастамақ. Асылының «Жетісуға» қабылданғанын естіген отбасы тәуекелге бел буып Сарқаннан Талдықорғанға көшіп келеді.

Бастапқыда алаңда орталық тосқауыл қоюшы міндетін атқарса, кейіннен түбегейлі шабуылға араласатын болды. «Жетісу–2» командасында 23 жасқа дейінгі қыздар арасындағы ел чемпионатында 13 жасында дебюттік ойынын «Тұран–2» командасына қарсы өткізді. Алғашқы ойыны жөнінде Асылы: «Әрине, бірінші ойыным болғандықтан басында қобалжыдым. Бірақ командаластарым қолдап, бапкерлер сенімімен бәрін жеңіп шықтым. Ойын алдындағы толқынысты басу үшін өзімді салқынқанды ұстаймын. Біз «Тұран–2» командасымен болған ойында жеңіске жеттік. Мен үшін ұмытылмайтын сәт болды», – дейді. Артынша әр турда тұрақты түрде алаңға шығып, өзін нәтижелі ойыншы есебінде көрсетіп отырды. Сондықтан да болар, маусым соңында 16 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасына шақырту алды. Тәжікстанда өткен Орталық Азия чемпионатында капитан есебінде ойынға араласып, құрамадағы көсемдердің бірі болды. Қазақстан құрамасы барлық қарсыласын айқын жеңіп, чемпион атанса, Асылы Әбітай турнирдің «Ең сапалы ойыншысы» (MVP) деп танылды. «Турнирдің деңгейі өте жоғары болды. Қарсыластардың барлығы мықты. Жеңіске жететіндігімізге о баста сендік және әр ұпай үшін жан алысып, жан берістік. Енді күзде Иорданияда өтетін Азия чемпионаты күтіп тұр. Тұрақты жаттығу жасап, әр тактиканы терең түсініп жатырмыз», – деді өз сөзінде кейіпкеріміз.

Спортшының уақыты шектеулі. Жарысты айтпағанның өзінде, күніне екі уақыт жаттығу болса, соның арасында достарымен жолығып, кітап оқып, хоббиіне көңіл бөліп үлгеруі тиіс. Асылы да жаттығудан босай қалса достарымен кездесіп, түрлі бағыттағы кітаптарды оқып, қилы жанрдағы фильмдерді тамашалайды. Ал мақсат жолында спортты жоғары қояды. Бұл оның таңдауы. Асылымен әңгімелесіп отырғанда дәл осы тақырыпқа келгенде: «Мен үшін бұл – арманыма төленетін баға. Демалыс, мерекенің бәрі өтеді. Уақытша. Ал нәтиже, жетістік – мәңгі есте қалады. Сондықтан да мен өз жолымды таңдадым», – деп түйіндеді. Дарынды болу бар, ал оны үнемі дамытып, еңбектене отырып шыңдайтындар аз. Асылы да өз мақсатының жолында аянып қалмақ емес. Бір пайыз талант болса, қалғанын еңбек арқылы бағындырмақ.

Алаңдағы салқынқандылығы талай ұпайды өз пайдасына шешу үшін көмектескендігі анық. Оны өзі де мойындайды. Ал шамадан тыс өзін сынап, үнемі сын көзбен қараудан арылу үшін бүгінде психологиялық тұрғыда жұмыстар жүргізіп жатыр. «Қазір өзімді қатты сынайтын мінезіммен күресіп жатырмын. Өзіме жұмсақ болуды үйреніп жүрмін. Қиын кезде алдымен ойымды жинақтап аламын, содан кейін барып іске кірісемін. Терең дем алып, өзіме сенім артамын. Өйткені бәрі өтеді – тек тоқтап қалмау керек деп өзімді қамшылаймын», – дейді волейболшы. Спортшы үшін психологиялық жаттығулардың рөлі зор. Кез келген сәтте тастай болып, қайсарлық көрсете білу – үлкен шеберлік. Асылы алаңдағы әр дауысты, допты ұрғандағы, оның жерге түскендегі дыбысына дейін ерекше болатындығын, артынша жанкүйерлердің қуанышын бәрін жақсы сезіне алатындығын айтады. Бұл да спортшы үшін таптырмас құндылық.

Сарқан қаласындағы Ақын Сара атындағы орта мектепте оқып, бүгінде Талдықорғандағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы мектеп-интернат колледжінде білім алып жатқан Асылы жарыс кезінде болмаса, сабаққа тұрақты қатысып, білімнің де деңгейін өсіріп келеді. Нақты бір кумирі жоқ, алайда әр волейболшыдан бір элемент үйренуге болатындығын алға тартады. Ендігі жоспары – спорттық деңгейді өсіріп, жыл соңына дейін жеке техниканы жақсартып, тұрақты ойын көрсетіп, маңызды матчтарда команданы алға сүйреу үшін барын салмақ.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

29.01.2026
Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

29.01.2026
Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

29.01.2026
«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

29.01.2026
Жерасты суын пайдалану ережесі: Құдық қазу үшін рұқсат керек пе?

Жерасты суын пайдалану ережесі: Құдық қазу үшін рұқсат керек пе?

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.