Талдықорған: +1°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЖЕҢІСКЕ — 75 ЖЫЛ: МАЙДАНГЕР ҰСТАЗ ЕСІМІ МӘҢГІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

01.05.2020
ЖАНСАРАЙ
ЖЕҢІСКЕ - 75 ЖЫЛ: МАЙДАНГЕР ҰСТАЗ ЕСІМІ МӘҢГІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Адам өзінің дүниеге шыр етіп келген күнінен бастап тағдырдың маңдайына жазған рахаты мен азабын көріп, пәни дүниеден бақи дүниеге көшуі «қамшының сабындай» ғана өлшемнен тұратындығын біле ме екен?! Дегенмен, сол өлшеулі дүниенің ойда, көкейде қалуы үшін не істемек керек? Ұлылар пешенесіне жазылған тағдырға қарасаңыз, біреулер артына өнегелі ұрпақ  қалдыру маңызды деп санайды, ал біреуі қисапсыз дәулет пен байлық қалдырған жөн деп біледі. Ал ұлы Абай өлең, қарасөздерін жазып, артына мәңгілік өлмес мұра қалдырды.

Яғни, әркімнің бұл өмірдегі таңдаған жолы, қалдырар мұрасы әрқилы. Бүгін сөз еткелі отырған ширек ғасыр ұстаздық жолда абыройлы қызмет істеген, Ұлы Отан соғысының бел ортасында болып, от кешіп, қан төккен марқұм Смадияр Омарұлының ұрпақ үшін сіңірген еңбегі зор.

Ол 1923 жылдың күз айында Алакөл ауданы, Жайпақ ауылындағы Жаулыбай деген кішкене өзеннің бойында дүниеге келген. Әкесі Омар алғаш құрылған ұжымшардың жұмысшысы, кейін бастығы болып қызмет істеген.

Ашаршылық, соғыс нәубетін өткерген ол ел басына қиындық түскен ауыр кездерде әке-шешесімен көл жағалап, аман қалған. Ата-анасы белгілі бір себептерге байланысты Семей облысына көшіп барып, Смадияр Омарұлы Мақаншы ауылындағы мектепте білім алады. Білімге құштар, талапты жасты 9-сыныпты бітірісімен оқу бөлімінің бастығы Молотов атындағы ұжымшардағы лагерьге бастық етіп тағайындайды. Осы кезде соғыс басталады. Соғысқа жарамдыларды майдан даласына аттандырып, Смадияр Омарұлын «Теңдік» ұжымшарындағы бастауыш мектепке көмекші мұғалім етіп жібереді.

Оқу жылы аяқталған соң соғысқа бармақшы болып ниеттенген Смадияр Омарұлы денсаулығына байланысты комиссиядан өте алмай, Семейдің ауруханасында үш ай жатып емделеді. Содан кейін ғана Түрікменстандағы Чарджоу қаласындағы әскери училищеге жіберіледі. Онда да әскери комиссариаттағылар картадан жолды көрсетіп, қолына сарғайған хатты ұстатып, өз аяғыңмен жетесің деп қоя береді. Жолда кездескен бір алаяқтың кесірінен бірде азық-түлік салынған қапшығынан айырылады, бірде жолдан адасып, басқа бағытқа да кетіп, көп азап шегеді. Сөйтіп, жаяу жалпылап, табылған көлікке, пойыздан-пойызға мініп, Чарджоу қаласына әзер жетеді. Ол жерге жету бар да оқуға қабылдау кезінде емтихан тапсыру жайы бар. Егер емтихан тапсыра алмасаң кері кету қаупі тағы тұр. Елге қайту ағайын-туыстан, дос-жараннан ұят. «Денсаулығы дұрыс емес, жарамсыз болып, қайтарып жіберіпті» деген сөзден қорқады. Оның үстіне, жол азабы да оңай емес.

Емтихан таза орысша өтеді. Ауыл баласы орысшаға шорқақ болған соң қорқақтайды. Бірақ, батылдығын білдіріп, барын салған жас жігіттің «елім үшін, Отан үшін фашистен кек алуым керек» деген сөзін түсінген емтихан алушылар оқуға қабылдайды. Онда алты айлық әскери оқудан өтіп, 1943 жылдың көктемінде майданға аттанады. Соғыста 3-армияның 232-атқыштар дивизиясының 801 мотоатқыштар полкінде мерген болады. Аға сержант деген әскери атағы да бар. Соғыс майданына бір топ өзбек ағайын түседі. Оларды жеке орынға жайғастырып, арасында бас-көз болу үшін Смадиярды тағайындайды. Бәрінің жасы 30-40 шамасында. Түннің бір уағында командир жаңа келгендердің не істеп жатқанын тексеру үшін сол жерге жібереді. Барса, жаңағы ағайындар бір жерге жиналып, әңгіме соғып отырады. Командирлігіне басып, «Бір жерге жиналмаңдар, тез тараңдар, егер снаряд түссе бәрің де қырыласыңдар, енді бұлай отырмаңдар» деп ақылын айтады.

Ішіндегі ұзын қара мұртты еңгезердей біреуі: «Бері келші, сендей балам бар еді, сол ойыма түсіп, ішімдегі сағынышым артып, елжіреп отырғаным, бетіңнен бір сүйейін», — деп шақырады. Үйдегі әкесі есіне түсіп, бетін сүйдірмекші болып, жақындағаны сол еді, ол дереу білегінен ұстап, бірі қолындағы наганды, екіншісі беліндегі қанжарды тартып алады. Сонда әлгі еңгезердей қатқыл, қатал үнімен: «Қазір немістерге өтеміз, сол арқылы Түркияға кетеміз. Ондағы өз бауырларымыз мұсылмандарға қосыламыз. Өйтпесек, осында сүйегіміз қурап қалады», – деп Смадиярды қыспаққа алады. Ал егер келіспесе  «өлтіреміз» деп қорқытады. Олардан оңай құтылмасын білгесін келісімін береді. Бірақ ыңғайлы сәтті күтіп, амалын тауып, сытылып шығып, қараңғыға сүңгіп кетеді. Командирге ол жөнінде айтпайды, өйткені, өзбектерді аяп, білместік істеген болар, райынан қайтар деп ойлайды. Бірақ олай болмайды, түнгі уақытта олар дегеніне жетіп, немістерге өтіп кетеді.

Тағы бірде комбаттың штабына шақырады. Барса, батальон командирінің саяси істер бойынша орынбасарының қасында дивизия командирі отыр екен. Смадиярдан: «Қанша немісті өлтірдің?» деп сұрайды. «Жолдас полковник, санағаным жоқ» деп жауап береді. Ол болса: «Дұрыс жауап бердің, бала! Өлген өлігін неміс фашистері  өздері санап алсын», — деді де: «Сен құжатыңа қарағанда, снайперлікті үздік меңгерген екенсің. Демек, оқты дәлдікпен тигізесің. Сонда ойланшы, қанша неміс басқыншыларын жойдың? Күніне 80-90 оқ атасың, соның жартысын алғанда, бір күнде 40-50 немістің көзін құртасың. Демек, марапатқа лайықсың, өкіметтің ең үлкен наградасына ұсыныласың!» – деп қанаттандырып кетеді.

Соғыста талай қиындық көріп, фашистермен бетпе-бет келіп, өлімнен аман қалған сәті көп. Орел қаласының түбіндегі қантөгісті шайқас кезінде қатты жарақат алады. Қан сауылдай ағып, көп азап көреді. Госпитальге жеткенше көп уақыт өтіп, жарасы ушығып, қолын кесіп тастауға шақ қалады, жарты жылдай госпитальда емделеді.

Бірақ жас жігіт мойымай, хирургтың шешіміне қарсы шығып, қолын кескізбейді. «Қолымнан айырылғанша, өлгенім артық» деп қасарысады. Айтқандай, сол кезде басқа хирург келіп, жарасын жан-жақты қарап, ұзақ емдеп, құлан-таза айықпаса да қолы аман қалады. Бірақ соның азабын талай уақыт тартады.

1944 жылы көктемде әскерден шығарылып, еліне қайтарылады. Соғыстың қан төгісінен аман-есен оралған Смадияр ІІ, ІІІ дәрежелі Отан соғысы ордені мен «Ерлігі үшін» және басқа да көптеген медальмен марапатталады.

Еліне келсе, әкесі Омарды ұжымшардың бригадирі ретінде өспей қалған егін үшін соттап жіберіпті. Әділетсіздік үшін күрескен батыр алты айдан соң әкесін түрмеден босатып алады.

Бейбіт өмір басталып, соғысқа дейінгі қызметі военком болса, кейін мұғалімдік жұмыс істейді. Семей қаласындағы Н.Крупская атындағы педагогикалық институтты бітіріп, Жарбұлақ ауылының мектебінде директор болады. Кейіннен туған мекені Алакөлге келіп, Жайпақ ауылындағы Мұқан Төлебаев атындағы орта мектепте ұстаздық қызмет атқарады.

Сол қызметте жүріп, жас кезінен ғашық болған Зейнеш Иманбаеваға қосылып, 9 бала тәрбиелейді. Ұстаздық жолды таңдап алған балалары да қазір абыройлы қызмет істеп, әке-шеше жолын жалғастыруда.

Майдангер ұстаз соғыстың зардабы мен өмірдің ащы-тұщысын көріп, бейбіт күннің қызығын сезініп, бертін келе 1996 жылы өмірден өтті. Аудан, ауыл жұрты ардагер ұстаздың игілікті ісін үлгі тұтып, әрдайым құрметпен еске алады.

Мұратбек ИМАНҒАЗИНОВ,

филология ғылымдарының докторы, профессор

Қатысты жаңалықтар

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

10.02.2026
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

10.02.2026
Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

10.02.2026
Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

10.02.2026
Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.