Талдықорған: +2°C
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Жетісудың Жайырбегі

16.11.2023
ЖАНСАРАЙ
Жетісудың Жайырбегі
WhatsAppTelegramFacebook

Әр адам баласының мына өмірде атқаратын мақсаты мен миссиясы, таланты мен дарынына қарай елге берер өтеуі болады. Нағыз азамат қана өзіне берілген табиғат сыйын саф күйінде сақтап, қабілет-қарымына қарай маңдай терін шүмектете еңбек ете біледі. Ал елім деп емірене еңбек еткен ондай жанның маңдайынан аққан бейнет тамшысын халқы дер кезінде көре білсе, одан бақытты пенде болмас, сірә!

Әр сайынан саз қалықтап, әр бұтасынан жыр түлеген жұмақ мекен Жетісуда туған таланттардың дені тағдырдан сыйын ала білді. Жұрты ақыным деп ардақтап, қаламгерім деп құрмет білдірді. Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан Жайырбек Қаспақ та жорға қаламынан түскен айшықты іздерді қазақ әдебиеті мен журналистикасының өрісінде бейнелі бедерлеп үлгерген жан.

Жетісу өңірінен шыққан таланттар шоғырынан көрініп, өзгеше өрнегі бар қаламгерлігімен дараланғандардың бірі ретінде Жайырбек Омарбекұлын айтуға толықтай негіз бар. Ол сонау 1968 жылдың сәуірінен бастап журналистиканың жүйрік қаламын салалы саусағына қыстырып, аттай 30 жыл басылымда қызмет етті. Сол кездегі облыстық «Октябрь туы», кейіннен «Жерұйық» деп аталған газетте жарқын із түзді. 

Шабытын шалқытқан шақта қазақ халқының бүгіні мен болашағы туралы ойлы толғамдар жазып, тарихтың тарау-тарау қатпарына бойлайтын жалынды журналист екенін оқырманы әр материалын оқып отырып түсінді. Термелі, тебіреністі туындыларын түйсіне-тұшына парақтады. Қарақан басының қамынан халқының ертеңі жарқын болуын артық көретін жазарман екенін шалқымалары мен өресі биік очерктерінен тануға болады. Ол дүркін-дүркін қабырғалы мақала, кесек-кесек жазбаларын басылым арқылы оқырманына олжа етіп отырды. Талмай еңбектенген 30 жылында отыз рулы еліне ой тұнбасының омартасында кілкіген балдай дәру, дәмді дүниелер ұсына алды. Осылайша публицист ретінде жетісулық оқырманның рухани қажеттілігін қалам қуатымен қанағаттандыра білді. 

Әр сөзін салмақтап, саралап бедерлейтін Жайырбек Қаспақтың туындыларынан өзіне лайықты мінез жарқылын, адалынан ақтарыла сыр шертетін көсемдікті көреміз. Адам қалай ойланса, тілдік орамы, сөйлеген сөзі қандай болса, жазуы да сол деңгейде шығады дейтін көзқарастың мысалы ретінде де кейіпкерімізді алға тарта аламыз. Ол пенде ретіндегі қарапайымдылығы, сартылдай сөйлеп, саңқылдай күлетін ерекшелігімен жетісулық зиялы қауым арасында құрметке бөленген жан. Жүрген ортасына жақсылығымен танылып, кішіпейіл, кеңжүректілігімен ардақталған азамат.

Бүгіндері өнегелі отбасының отағасы, ардақты атасы ретінде ғана емес, ойлы оқырманға «Дүние, шіркін, дөңгелеп» атты кітабын ұсынған қаламгер ретінде де абырой биігінен көрінген Жайырбек Қаспақтың жары Жарқынай да журналист-жазушыға бап қосылған ғажайып жар, ғазиз жүректі ана. Кенересіне жеткен кісіліктің бір тамшысын да толқып-тасып төкпейтін сабаздай әдептен аспайтын, орынсыз саспайтын келісті жан. «Екі жақсы қосылса, көрген күні тоймен тең» деген жыр тармақтарын дәл осы екі бегзат жанға қаратып айтса да жарасымды дер едік. Міне, сондықтан да болар, 80-ге келген Жайырбектің қарттыққа жеңдірмей тік жүргені. Осынау қос жанның махаббатымен уығы шаншылып, керегесі кеңіген отбасынан өрбіген бала-шағасы ата-ананың байсалдылығын бойға дарытып үлгерген. Үлкен қызы Ләззәт ұстаз болса, одан кейінгі Сағадат пен Толқыны белді заңгерлер. Ұлы Жамбыл да өмірден өз орнын тапқан азамат. Немерелері де ержетіп, университетте білім алып, бір-бір кәсіптің тұтқасын ұстап отыр. Ал Астанадағы немерелері Мадина, Калима және Мирас Еуразия университетінің студенттері.

Оқырманын толғамды жазба, жүрекке жылы әңгімелерімен тамсандыра білген кейіпкеріміз соңғы уақытта поэзия дейтін қасиетті ауылға ат шалдырып жүр. Бекзат жанрда терсіңді еңбек етіп, әр жырын өректі бедерлеп келе жатқан осынау жанға сексеннің сеңгірінен асып ғасырға құлаш ұрыңыз демекпіз. Қажыға барып, қасиетті Қағба тасын сүйген, отбасына ізгілік нұрын сеуіп, оқырманына ой омартасынан бал ұсынып жүрген жанның жазары таусылмасын!

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ
 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның әрбір баласы назарда: 2026–2030 жылдарға арналған жаңа тұжырымдама таныстырылды

Қазақстанның әрбір баласы назарда: 2026–2030 жылдарға арналған жаңа тұжырымдама таныстырылды

06.02.2026
Олжас Бектенов: Жаңа Конституция жобасы мемлекет пен бизнес арасындағы сенім мен ұзақ мерзімді серіктестік орта қалыптастырады

Олжас Бектенов: Жаңа Конституция жобасы мемлекет пен бизнес арасындағы сенім мен ұзақ мерзімді серіктестік орта қалыптастырады

06.02.2026
Такси жүргізушісі рөлде келе жатып көз жұмды

Такси жүргізушісі рөлде келе жатып көз жұмды

06.02.2026
Бүгін Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы өтеді

Бүгін Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы өтеді

06.02.2026
Айбек Оралбай Испаниядағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты

Айбек Оралбай Испаниядағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты

06.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.