Талдықорған: -2°C
$ 501.26
€ 590.38
₽ 6.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарқын елдің шамшырағы

26.02.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жарқын елдің шамшырағы
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ: «Жас келсе – іске» дейді. Осы теңеу, нақылдың нақ өзі «Педагог портфолиосы» айдарының кейіпкері – жастықтың жалын-жігерін жанып, парасат-пайымын ұштастыра білген, аз уақытта көпке үлгі болған Әлихан Қударбек жайлы айтылғандай.

Жеті жылдық табанды еңбек, тынымсыз ізденіс, білімге деген адалдық оны 27 жасында мектеп директорлығы сынды үлкен жауапкершілікке жеткізді. Өңірдегі ең жас мектеп директоры. 2013-2017 жылдары тарих мамандығын І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті қабырғасынан алып шыққан жас маман еңбек жолын Кербұлақ ауданы, Шаған ауылы П. Дутов атындағы орта мектепте бастап, кейіннен ұстаздықтан ұйымдастырушылыққа, одан басқарушылыққа дейінгі сатылардан сүрінбей өтті. «Жылдың үздік мұғалімі – 2018» облыстық байқауында жүлделі орын иеленуі – оның кәсіби жолындағы алғашқы биіктердің бірі. Бүгінде ол Қоғалы ауылындағы Панфилов атындағы орта мектептің директоры. Бұл лауазым ол үшін мәнсаптан гөрі, аманат іспетті. Оның басты құндылығы – әр баланың болашағына деген сенім. Ендеше, білім ордасының басшысымен болған сұхбатқа назар аударайық.

– Әлихан Ирғалиұлы, 27 жаста мектеп директоры болу, үлкен жауапкершілікке бел байлау. Осы жолға бастау болған негізгі себеп не еді?
– Мен үшін білім беру мамандықтан бөлек, жауапты міндет еді. Университет қабырғасында жүріп-ақ тарихтың өткенді біліп қана қоймай, болашақты қалыптастыру құралы екенін түсіндім. Ал мектепке келгенде бір сырды ұқтым – балаға сенім артсаң, ол үмітіңді ақтайды. Директорлық қызметке келгенде де осы ұстанымым өзгерген жоқ. Тек жауапкершілік ауқымы кеңейді.

– Еңбек жолыңызды қарапайым мұғалімдіктен бастадыңыз. Сол кезең сізге не үйретті?
– Ауыл мектебі – үлкен өмір жолы. Сабақ беру, сыныптан тыс жұмыстар, педагог-ұйымдастырушы қызметі, барлығы мені шыңдады. Оқушыларға тек тарихты оқытқан жоқпын, балалардың жүрегіне жол табуды үйрендім. Ұстаз болу – тұлға қалыптастыру екенін сол кезде сезіндім.

– «Жылдың үздік мұғалімі – 2018» облыстық байқауындағы жетістік сізге не берді?
– Ол мен үшін марапаттан гөрі мойныма жүктелген міндет болды. Сол уақыттағы үшінші орынның өзі еңбектің бағалануы, «сен дұрыс бағыттасың» деген ишара еді және педагог-модератор санатын қорғадым. Бұл – кәсіби дамуымның жаңа белесі болды.

– Аудандық білім бөлімінде бас маман болып қызмет атқарыпсыз. Неге мемлекеттік қызметтен мектепке қайта оралдыңыз?
– Мемлекеттік қызмет маған жүйені ішінен көруге мүмкіндік берді. Құжат, жоспар, стратегия – бәрі маңызды. Бірақ мен бір нәрсені анық түсіндім: білім берудегі шынайы өзгеріс кабинеттен бөлек, сыныпта болады. Баланың көзіндегі болашақта маздағалы тұрған ұшқынды көру – мен үшін ең үлкен жігер. Сондықтан мектепке қайта оралдым.

– Директордың орынбасарлығы сізді басшылыққа қалай дайындады?
– Ол кезеңде мен ұжыммен жұмыс істеуді үйрендім. Жас мұғалімдерге тәлімгерлік жүйесін енгіздік, тәжірибе алмасу алаңдарын құрдық. Менің түсінгенім: мектептің жетістігі директордың ғана жеңісі деуге келмейді. Бұл – ұжымның жетістігі.

– Бүгінде мектеп директорысыз. Сіздің басқару философияңыз қандай?
– Көбінде басшы болуды бақылаушы деп түсінеді. Мен керісінше бұл формуланы қолдамаймын. Нағыз басшы бағыт беруші болса керек. Ал жасым туралы күмән айтқандар болды. Бірақ әрқашан бір қағиданы ұстанамын: директордың жасы жылдармен емес, өзгеріс жасау қадамымен өлшенеді. Егер сен ұжымға сенсең, олар саған екі есе сеніммен қарайды.

– Алдағы мақсатыңыз?
– Өзім басқарып отырған мектептің білім беретін ордадан даму орталығына айналғанын қалаймын. Әр оқушы өз қабілетін ашатын, әр мұғалім өзінің бағаланғанын сезінетін орта қалыптастыру басты мақсатым. Себебі, мектеп ел болашағының іргетасы.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Туған жердей жер болмас

Туған жердей жер болмас

26.02.2026
Халықаралық операция арқылы ірі есірткі арнасы жойылды

Халықаралық операция арқылы ірі есірткі арнасы жойылды

26.02.2026
Жарқын елдің шамшырағы

Жарқын елдің шамшырағы

26.02.2026
Қазақстанда дәрігерлер тапшылығы екі жылда 19,6 пайызға қысқарды

Қазақстанда дәрігерлер тапшылығы екі жылда 19,6 пайызға қысқарды

26.02.2026
Балл қуған буын

Балл қуған буын

26.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.