Талдықорған: +7°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Талабы таудай талант

07.03.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, ЖАС ҚАЛАМ
Талабы таудай талант
WhatsAppTelegramFacebook

Қай саланы алып қарасақ та туабіткен дарынымен ерекшеленіп, бойындағы ізгі қасиеттерін ұлттың іргелі істеріне жұмсап жүрген жастар жетіп артылады. Асылында сол таланттылар қанаты қатайып, топшысы нығайған соң мемлекеттің келешек тұтқасын ұстар тұлғаға айналары сөзсіз. Әсіресе, өркениет өрісіне ілесіп, робототехника мен жасанды интеллектті жетік меңгерген жас зерттеушілердің ұмтылысы ерекше қуантады. Білімқұмарлығымен көпті сүйсіндіріп, тау асар табандылығымен сан алуан жетістіктерге жеткендердің бірі – Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Еңлік МАМАН.

Тау басында, биік шыңда ғана өсетін еңлік гүлі секілді аты затына сай аспан әлемін зерттеп, ғылымның қия жолына талпынып жүрген Еңлік қыз 2009 жылы Талдықорған қаласында туған. Көпбалалы отбасында дүниеге келген жас талант, жаңашылдыққа жаны құмар зияткер, бала күнінен ізденімпаз, зерек болыпты. Әсіресе, қолөнерге ерекше қызыққан. Қағаздан, моншақтан, матадан түрлі дүниелер жасағанды жақсы көріпті. Дана халқымыз: «Өсем деген баланың бетін қақпа, белін бу», – дейді емес пе?! Былдырлаған бала шағынан ізденімпаз, ерекше таланты мен талабын байқаған ата-анасы қызын 6-сыныпты тамамдаған соң Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебіне береді. Талабы таудай талант емтиханда үздік балл жинап, грант иегері атанады. Ойы ұшқыр дарынды талапкердің таудай талабын ұстаздар одан әрі дамытады. Математика, физика пәндерін аса ыждағаттылықпен оқитын тал шыбықтай қаракөз қарындасымыз алғаш 8-сыныпта робототехника сабағына қатысады. Николай Авдюниннен дәріс алып, робототехника саласына аңсары ауады.

Робот ойлап шығару оңай шаруа емес. Тыңнан түрен салған талант үшін төзімділік қажет. Десе де жас ғалым қиындықтардың бәрін жеңіп шығып, түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрінеді. Атап айтсақ, 2023 жылы Алматыда өткен республикалық Ұлттық робототехника сайысында «RoboMission Junior» санаты бойынша қола жүлдені еншілейді.

Алғашқы ірі жүлделердің бірі Еңлікке жігер сыйлайды. Жас дарын жан-жақты ізденіп, робот ойлап табу үшін күні-түні еңбектенеді. Мехнатты еңбек жемісін беріп, 2024 жылы Ұлттық робототехника сайысында үздік рейтинг көрсетеді. Осы жылы Талдықорғанда өткен RoboMission додасында жеңістің желкенін көтереді.

Ойы ұшқыр құрбысы Сәния Шоқан екеуі 6 елден 60-тан астам команда қатысқан «Kazakhstan Smart Space – 2025» жарысында шағын барлау роботын жасап, халықаралық додада топ жарды. «LikiSanktum» атты шағын робот жобасы Марстағы үңгірлер мен лавалық арналарды анықтауға арналған. Құлтемір Марсты барлайды. Яғни, робот топыраққа діріл жіберіп, қайтып келетін толқындардың сипатына қарап, астындағы бос кеңістіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Жоба барысында 3D-принтерден бастап, дәнекерлеу құрылғылары мен токарь станогына дейінгі түрлі құрал-жабдықтарды қолданған. Сәния жобаның 3D моделін әзірлесе, Еңлік электроника мен бағдарламалау үдерісін басқарған.

– Бұл роботты жасау үшін ғарыш туралы әдебиеттер мен зерттеу еңбектерін көп оқыдық. Ғаламшарда температура 80 градусқа дейін барады. Оған айлап кетпейтін шаң-тозаң мен радиацияны қосыңыз. Ізденіс нәтижесінде Марстың астындағы лавалық арналар мен үңгірлер барын білдік. Оған барған адамға ең әуелі баспана қажет болатыны анық. Біздің робот сол үшін болашақта ғарышкерлер тығыла алатын қауіпсіз үңгірлерді анықтауға көмектессе дейміз. Жобамыз ғарышпен қызығатын стартап компанияларға да қолдау боларына сенеміз, – дейді ол.

Бүгінде өнертапқыш қыздар аталмыш жобаны тереңдетіп зерттеп жүр. Жуырда дәл осы роботымен «Дарын» республикалық ғылыми жобалар конкурсында топ жарды. Бірі: «Марста өмір жоқ»,– дейді. Ал мақаламызға арқау болған кейіпкер қызыл ғаламшарды жаңа үйге айналдыру үшін қандай кедергілерді еңсеру керектігін айтып бағуда. Шыны керек, соңғы жылдары ғалымдар мен инженерлер «Қызыл ғаламшарды» адам өмір сүре алатын орынға айналдыру үшін ауқымды зерттеулер жүргізуде. Кім біледі, егер жоба сәтті аяқталса адамзат Марсты да паналауы мүмкін.

Еңліктің алдағы арманы университетке оқуға түсу. Дария дарын компьютерлік технология мен инженер саласының бірін мықтап қолға алсам дейді.

Талант қашанда тас жарады. Жасындай жарқылдаған талантты жан ғылымды дамыту мақсатында аянбай тер төкпек. Олай болса «Көздерінде от ойнар, сөздерінде жалын бар» ел ертеңін өрге сүйрейтін жас зерттеушінің алдағы жұмысына да сәттілік тілеп, осындай білімді, ақылды жастарымыз көп болғай демекпіз.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

07.03.2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

07.03.2026
Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026
Апам ол кезде…

Апам ол кезде…

07.03.2026
Талабы таудай талант

Талабы таудай талант

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.