Талдықорған: +22°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтады: енді баспана алудың жаңа жолдары қандай?

13.04.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуірде елдің басым бөлігінде жел күшейіп, найзағай ойнайды

pixabay

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы ресми түрде тоқтатылды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді. Үкімет бұл шешімді тұрғын үй саясатының жаңа кезеңге көшуімен байланыстырып отыр, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Тұрғын үй мәселесі Қазақстан жастары үшін әлі де өзекті әлеуметтік тақырыптардың бірі болып қала береді. Осы тұрғыда жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы белгілі бір кезеңде маңызды қолдау тетігі болды. Алайда енді мемлекет басымдықты басқа бағытқа бұрып отыр.

Аталған бағдарлама 2019-2025 жылдар аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында іске асырылды. Негізгі мақсаты – жастарды уақытша баспанамен қамтамасыз етіп, олардың қаржылық тұрақтылығын арттыру және болашақта жеке тұрғын үй сатып алуына мүмкіндік жасау. Пәтерлер сатып алу құқығынсыз берілді, ал жалдау ақысы нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен болды. Ай сайынғы төлем 5 мыңнан 15 мың теңгеге дейінгі аралықта белгіленді. Жалпы алғанда, бағдарлама 10 мыңнан астам жас қазақстандықты қамтыды.

Бағдарламаның тоқтатылуына бірнеше себеп әсер етті. Соның ішінде 2026 жылғы 9 қаңтарда қабылданған Құрылыс кодексі мен 27 наурыздағы №136-НҚ бұйрық негізінде бұл тетік күшін жойды. Сонымен қатар, бастапқы келісімшарт талаптарын өзгерту мүмкін болмаған. Министрдің айтуынша, сатып алу құқығы қарастырылмаған келісімдерді өзгерту өзге қатысушыларға қатысты әділетсіздік туғызар еді.

Бағдарлама тоқтатылғанымен, оған қатысқан азаматтардың құқықтары сақталады. Жалдау мерзімі аяқталғандар келісімшарт талаптарына сәйкес пәтерді босатады, ал мерзімі аяқталмағандар белгіленген уақытқа дейін тұра алады. Барлық мәселелер бойынша жергілікті әкімдіктер мен «Отбасы банк» кеңес береді.

Мемлекет енді уақытша жалдамалы тұрғын үйден тұрақты баспанаға көшу бағытын ұстанып отыр. Яғни жастарды арзан жалдамалы пәтермен қамтудан гөрі, оларды жеке тұрғын үй сатып алуға ынталандыратын қаржылық құралдарды дамытуға басымдық берілген. Осы мақсатта «Отбасы банкпен» бірлесіп 17 өңірде жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар іске қосылды. Соның нәтижесінде 12 мыңға жуық жас маман баспаналы болған.

Қазіргі уақытта «Отау», «Наурыз» және «Наурыз Жұмыскер» бағдарламалары негізгі тетікке айналып отыр. Ресми дерекке сәйкес, мақұлданған өтінімдердің 62 пайызы жастардың үлесіне тиесілі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаровтың айтуынша, қазіргі кезеңде басты басымдық – жастардың жеке баспанаға қол жеткізуіне мүмкіндік беретін жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларды дамыту.

– Қазіргі кезеңде басымдық жастардың жеке баспанаға қол жеткізуіне мүмкіндік беретін жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларды дамытуға беріліп отыр, – деді ол.

Оның сөзінше, 2019–2025 жылдары жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тиімді болғанымен, ол уақытша құрал ретінде қарастырылған.

– Бұл бағдарлама мыңдаған жастың қаржылық жүктемесін азайтып, жеке баспана алуға дайындалуына мүмкіндік берді, – деді Қайрат Қамбаров.

Бүгінде жастарды баспанамен қамтудың негізгі тетіктерінің бірі – өңірлік бағдарламалар. Олар «Отбасы банкпен» бірлесіп жүзеге асырылуда. Ресми мәліметке сәйкес, 2017 жылдан бері бұл бағытқа 224,7 млрд теңге бөлініп, 12 375 жеңілдетілген несие берілген. Бағдарламалар еліміздің 17 өңірінде іске асырылып жатыр. Негізгі шарттар – бастапқы жарнаның 10 пайыздан басталуы, қолжетімді пайыздық мөлшерлеме және ұзақ мерзімді несиелеу.

Бағдарламаға қатысуды жоспарлаған немесе кезекте тұрған жастар енді осы жаңа тетіктерге бағытталады. Бұл бағытта әкімдіктер мен «Отбасы банк» тарапынан кеңес беру жұмыстары жүргізілуде.

Елорда тұрғыны Айдана Тұрсыматова бұл бағдарламаның тиімділігін өз тәжірибесі арқылы дәлелдейді.

– Біз бұл бағдарламамен 5 жыл тұрдық. 2021 жылы бір баламен кіріп, биыл үш баламен шықтық. Осы уақыт ішінде жолдасым бірнеше жұмысты қатар істеп, «Отбасы банкке» тұрақты түрде ақша жинадық. Соның арқасында бастапқы жарна жинауға мүмкіндік болды, – дейді ол.

Оның айтуынша, бес жылдан кейін отбасы 5 пайыздық мөлшерлемемен 22 млн теңгеге дейін ипотека алып, үш бөлмелі пәтерге қол жеткізген.

Дегенмен, кейіпкер бағдарламаның тоқтатылуына қатысты да пікір білдірді.

– Бағдарламаның тоқтағаны өкінішті. Кейбір жастар үлгермей қалды, ақша жинай алмады. Кейбірі берілген пәтерден шыққысы келмей жатыр. Соның да әсері бар деп ойлаймын, – деді ол.

Соған қарамастан, ол бағдарламаға ризашылығын жасырмады.

– Біз бұл бағдарламаға өте ризамыз. Тіпті жеңілдетілген ипотека болмаса да, жинаған қаражатпен үй алар едік. Бірақ осы мүмкіндік арқылы кең әрі жақсы пәтер алдық, – деді Айдана Тұрсыматова.

Жалпы, жалдамалы тұрғын үй бағдарламасының тоқтатылуы тұрғын үй саясатының жаңа кезеңге өткенін аңғартады. Енді мемлекет жастарды уақытша баспанамен қамтудан гөрі, оларды толыққанды тұрғын үй иесіне айналдыруға бағытталған жүйені дамытуды көздеп отыр.

Қатысты жаңалықтар

Фукуокада Қазақстан туы желбіреді: ММА шеберінің кезекті жеңісі

Фукуокада Қазақстан туы желбіреді: ММА шеберінің кезекті жеңісі

13.04.2026
Елдегі сот жүйесі туралы мақала халықаралық порталда жарияланды

Елдегі сот жүйесі туралы мақала халықаралық порталда жарияланды

13.04.2026
Сот сараптамасы: істі әділ шешудің ғылыми негізі

Сот сараптамасы: істі әділ шешудің ғылыми негізі

13.04.2026
Димаш Құдайберген халықаралық марапатқа ие болды

Димаш Құдайберген халықаралық марапатқа ие болды

13.04.2026
Жетісуды әуезге бөлеген ән кеші

Жетісуды әуезге бөлеген ән кеші

13.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.