- Жалпы ережелер
1.1. «Жетісу өңірі топонимдерінің тарихи-этимологиялық ерекшеліктері» ғылыми-зерттеу мақалалар байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу ережесі.
- Байқаудың мақсаты мен өткізудің міндеттері:
2.1. Жетісу өңірінің тарихи-мәдени және тілдік мұрасын ғылыми тұрғыдан зерделеу, өңірдегі топонимдердің тарихи қалыптасуы мен этимологиялық ерекшеліктерін зерттеу және насихаттау.
- Жетісу өңірінің топонимдерін ғылыми тұрғыдан зерттеуге қызығушылықты арттыру;
- жер-су атауларының шығу тарихын, этимологиясын және тарихи негіздерін зерделеу;
- тарихи топонимдердің қалыптасуына әсер еткен факторларды анықтау;
- Жетісу өңіріндегі тарихи атаулардың мәні мен мазмұнын ашу;
- топонимдердің тілдік, тарихи, географиялық және этномәдени ерекшеліктерін зерттеу;
- тарихи және дәстүрлі жер-су атауларын ғылыми айналымға енгізуге ықпал ету;
- жастарды, зерттеушілерді және ғылыми қауымдастық өкілдерін топонимикалық зерттеулерге тарту;
- Жетісу өңірінің топонимдік мұрасын сақтау және дәріптеу бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу.
2.2. Байқауды «Жетісу облысының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) ұйымдастырады.
Байқауды өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсына орналастырылады.
2.3. Байқау Жетісу облысының аумағындағы тарихи, мәдени және тілдік мұраны зерделеуге, өңір топонимдерінің қалыптасу тарихын, шығу төркінін және тарихи-этимологиялық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеуге бағытталады.
2.4. Байқауға қатысу үшін Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған өтінім (қол қойылған, сканерлеген) kuralai.boztaeva@zhetysu.gov.kz электронды поштасына «Жетісу өңірі топонимдерінің тарихи-этимологиялық ерекшеліктері» ғылыми-зерттеу мақалалар байқауына деген белгімен 2026 жылғы 13 қарашаға дейін мынадай құжаттармен бірге жолдануы тиіс:
- Байқауға қатысу туралы өтінім;
- ғылыми-зерттеу мақаласы;
- автор туралы қысқаша мәлімет;
- байланыс деректері;
- қажет болған жағдайда мақаланы растайтын қосымша материалдар.
2.4. Ұйымдастырушы түскен өтінімдерді жинақтап, қатысушылардың тізімін қалыптастырады.
2.5. Байқау талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған материалдар қаралмайды.
2.6. Байқауға түскен жұмыстарға алдын ала іріктеу жүргізіледі.
2.7. Алдын ала іріктеу барысында:
- мақаланың Байқау тақырыбына сәйкестігі;
- осы Ереженің талаптарының сақталуы;
- жұмыстың ғылыми-зерттеу сипаты;
- ұсынылған материалдардың толықтығы.
2.8. Алдын ала іріктеуден өткен мақалалар бағалау комиссиясының қарауына ұсынылады және мақалалар жинаққа енгізіледі.
- Байқауға қатысушылар
3.1. Байқауға Жетісу облысының аумағындағы топонимдерге қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін зерттеушілер, ғылыми және педагогикалық қызметкерлер, жоғары оқу орындарының оқытушылары, магистранттар, докторанттар, өлкетанушылар, тіл мамандары, тарихшылар, географтар және өзге де мүдделі тұлғалар қатыса алады.
3.2. Байқауға жеке автордың немесе авторлар тобының ғылыми-зерттеу мақалалары ұсынылады.
3.3. Бір қатысушы Байқауға бір ғылыми-зерттеу мақаласын ұсына алады.
3.4. Бұрын басқа байқауларда жүлделі орын алған немесе жарияланған материалдар Байқауға ұсынылмайды.
3.5. Байқауға ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұны үшін автор (авторлар) жауапты болады.
- Байқаудың тақырыптық бағыттары
4.1. Байқауға ұсынылатын ғылыми-зерттеу мақалалар Жетісу өңірінің топонимдеріне қатысты болуы және мынадай бағыттардың бірін немесе бірнешеуін қамтуы тиіс:
- Жетісу өңірінің тарихи топонимдері;
- жер-су атауларының шығу төркіні мен этимологиясы;
- топонимдердің тарихи қалыптасуы мен өзгеру үдерістері;
- топонимдердің тілдік ерекшеліктері;
- топонимдердің тарихи-мәдени маңызы;
- жер-су атауларының этномәдени сипаты;
- көне және дәстүрлі топонимдер;
- тарихи оқиғалар мен тұлғалардың топонимдерде көрініс табуы;
- Жетісу өңіріндегі елді мекендер, көшелер, жер-су және басқа да географиялық нысандар атауларының тарихы;
- топонимдерді сақтау, зерттеу және ғылыми негізде қолдану мәселелері;
- тарихи топонимдерді қалпына келтірудің ғылыми негіздері;
- Жетісу өңірі топонимдерінің басқа тарихи дереккөздермен сабақтастығы.
4.2. Мақала тақырыбы осы бағыттармен шектелмейді. Алайда ұсынылған жұмыс Жетісу өңірінің топонимдік мұрасына тікелей қатысты болуы тиіс.
5.Ғылыми-зерттеу мақаласына қойылатын талаптар
5.1. Мақала ғылыми-зерттеу сипатында, авторлық және мазмұндық жағынан дербес болуы тиіс.
5.2. Мақалада зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, негізгі мазмұны, зерттеу нәтижелері және қорытындысы көрсетілуі қажет.
5.3. Мақалада пайдаланылған тарихи, архивтік, ғылыми, картографиялық, этнографиялық, тілдік және басқа да дереккөздерге сілтемелер берілуі тиіс.
5.4. Деректер нақты және тексеруге болатын дереккөздерге негізделуі қажет.
5.5. Топонимдердің шығу төркініне қатысты автордың ғылыми тұжырымы тиісті тарихи және тілдік деректермен негізделуі тиіс.
5.6. Мақала мәтіні әдеби және ғылыми тіл нормаларына сәйкес жазылуы қажет.
5.7. Мақалада автордың аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы және байланыс деректері көрсетіледі.
5.8. Мақала бұрын жарияланған басқа авторлардың еңбектерін дереккөзге сілтемесіз пайдалануға жол бермейтін талаптарды сақтай отырып әзірленуі тиіс.
5.9. Плагиат белгілері анықталған жағдайда мақала Байқауға жіберілмейді немесе бағалаудан шығарылады.
5.10. Мақалаға қосымша ретінде тарихи құжаттардың көшірмелері, карталар, фотосуреттер, мұрағаттық материалдар және тақырыпты ашатын өзге де көрнекі материалдар ұсынылуы мүмкін.
- Байқауды бағалау комиссиясы
6.1. Байқау жұмыстарын бағалау үшін бағалау комиссиясы құрылады.
6.2. Бағалау комиссиясының құрамына ғылыми-зерттеу жұмыстарына, тарихқа, тіл біліміне, ономастикаға, өлкетануға және мәдениет салаларына қатысты кәсіби білімі мен тәжірибесі бар мамандар енгізіледі.
6.3. Бағалау комиссиясының құрамы Ұйымдастырушының келісімімен айқындалады.
6.4. Бағалау комиссиясы кемінде 3 мүшеден тұрады.
6.5. Бағалау комиссиясының мүшелері ұсынылған мақалаларды осы Ережеде белгіленген критерийлер бойынша бағалайды.
6.6. Бағалау нәтижелері комиссия отырысының хаттамасымен рәсімделеді.
6.7. Бағалау комиссиясының шешімі қорытынды болып табылады.
- Байқау қорытындысы туралы
7.1. Байқау жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғысхаттар және жоспарланған жүлде қоры мөлшерінде қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
7.2. Байқаудың жүлдегерлері туралы ақпарат Байқау аяқталғаннан кейінгі 3 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсына орналастырылады.
Байланыс телефондары: 8 (776) 888 78 57, 8 (705)5699642, 8 (777) 847 90 08.
Жетісу облысы ішкі саясат басқармасының Тілдерді дамыту және ономастикалық жұмыс бөлімі





