Талдықорған: +16°C
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісуда 13 мың гектарға қант қызылшасын себу жұмысы басталды

01.04.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жетісуда 13 мың гектарға қант қызылшасын себу жұмысы басталды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында биылғы маусымның қант қызылшасын себу жұмысы басталды.  Жалпы, осы жылы тәтті түбірдің егістік көлемі 13,0 мың гектар болады және одан 585,0 мың тонна өнім алынады деп жоспарланған, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірде 550-ден астам шаруашылық қант қызылшасын өсірумен айналысады. Оларға егістік үшін 17,5 мың себу бірлік тұқым қажет болса, оның 12,7 мың бірлігі Ақсу және Көксу қант зауыттары арқылы жеткізіліп, қазіргі кезде шаруашылықтардың берген өтінімдері бойынша тұқым таратылып жатыр. Қызылша өсірушілер тұқымның қалған көлемін басқа жеткізуші компаниялардан алуда. Бұл тұқымдар әлемдік селекцияның үздік үлгілерінен таңдалған. Атап өтсек, Францияның «Флоримон Депрес», Германияның «KWS» және АҚШ-тың «БТС» компанияларының жоғары өнімді сұрыптары қолданылмақ.

– Былтырғы жылдың тәжірибесін ескеріп, шамамен 1925 гектарға ерте жетілетін 120 күндік Авантаж сорты себіледі, бұл зауыттардың қызылшаны 10 қыркүйектен бастап қабылдауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар шаруашылықтарға сатып алған тұқымдарына, минералды тыңайтқыштарына, пестицидтеріне және зауыттарға қайта өңдеуге өткізген өнімдеріне жылдағыдай мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі. Жалпы, қант қызылшасын себу жұмыстары 1 сәуірден басталып отыр, 10 мамырға дейін аяқталады деп күтілуде. Бүгін тәтті түбір егуд Көксу ауданынан бастап отырмыз, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.

Көксу ауданында қызылша егуді бастаған 4 шаруашылықтың бірі — «Кең дала» шаруа қожалығы. Бұл шаруашылық иелігіндегі 700 гектар алқаптың 200 гектарына тәтті түбір егуді жоспарлап отыр. Шаруашылық басшысы Қалибек Алпыспаевтың айтуынша, биылғы маусымда олар ерте пісетін «Авантаж» сортына басымдық беруде.

– Біз биыл ерте өнім алып, қант зауытына қызылшаны қыркүйектің ортасынан бастап тапсырамыз деген үмітіміз бар. Бұл келесі маусымға алқапты уақытылы дайындауға жағдай туғызады. Сонымен қатар заманауи технологияларды енгізіп, 50 гектар аумақты жаңбырлату әдісімен суару жоспарланып отыр. Бұл суды үнемдеуге, минералды тыңайтқыштарды тиімді қолдануға, өнімділікті екі есеге дейін көбейтуге ықпал етеді, – деді фермер.

Егіс науқаны барысында заманауи агротехнологиялар кеңінен қолданылуда. Ең алдымен алқапты дайындау жұмыстары атқарылған, атап айтқанда тырмалау, арамшөптерден тазалау жұмыстары жүргізілді. Содан соң алқапта GPS жүйелері арқылы жоғары дәлдікпен жұмыс істейтін екі трактор іске кірісті. Бұл жүйенің арқасында  қатарлар мінсіз тегістеліп, тұқым біркелкі әрі шамамен 2 сантиметр тереңдікке дұрыс себіледі. Фермердің айтуынша, мұндай технологияларды қолдану тек тұқым мен жанармайды үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар болашақта жас өскіннің біркелкі шығуына және өнімділіктің артуына мүмкіндік береді.

Атап өтсек, өңірде биылғы жылы жалпы егіс алқабы 511,8 мың гектар болады деп күтілуде, соның 387 мың гектары көктемгі егіске тиесілі.

Қатысты жаңалықтар

«Барселонада» ойнайтын тұңғыш қазақ

«Барселонада» ойнайтын тұңғыш қазақ

01.04.2026
Жетісуда 13 мың гектарға қант қызылшасын себу жұмысы басталды

Жетісуда 13 мың гектарға қант қызылшасын себу жұмысы басталды

01.04.2026
Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы танк қару-жарағынан атуда шеберлік көрсетті

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы танк қару-жарағынан атуда шеберлік көрсетті

01.04.2026
Асхат Аймағамбетов: «Баланы емес, ата-ананы тәрбиелеу керек»

Асхат Аймағамбетов: «Баланы емес, ата-ананы тәрбиелеу керек»

01.04.2026
Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық көрмесі ашылды

Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық көрмесі ашылды

01.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.