Жетісу облысында 10 қазанда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында облыстық сенбілік өтті. Оған өңірдің 18 мыңнан астам тұрғыны қатысып, елді мекендерді тазарту жұмыстарына атсалысты.
Тазалық жұмыстарына 138 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 750 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.
Сенбілікке қатысушылардың бірі Азамат Дәулетбаев қала тазалығын сақтау ортақ жауапкершілік екенін атап өтті.
«Бүгін біз сенбілікке жиналдық. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қаламыздың тазалығын сақтап, елімізге көмектесудеміз», – деді ол.
2026 жылдың басынан бері облыста экологиялық бағытта 182 іс-шара өткізіліп, оларға 203 мыңнан астам адам қатысқан. Осы кезеңде 68 мың көшет отырғызылып, 15 мың тонна қоқыс шығарылды.







