БИДАЙ ГЕНОМЫН ЗЕРТТЕУДЕ

Уақыты: 22.09.2024
Оқылды: 38
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісулық ғалым-селекционер Орталық Азияның климаттық белдеуіне бейімделген бидай геномын зерттеуге кірісті.


Жетісу университетінің молекулалық генетика және геномика зертханасының меңгерушісі Қанат Ермекбаев елімізде дақылдарды неғұрлым тиімді өсіруге әкелетін зерттеулерге 150 миллион теңге грант ұтып алды. Оны Ғылым және жоғары білім министрлігі қамтамасыз еткен. Селекционер 3 жыл ішінде 450 сортты зерттеп, стандарттауды жоспарлап отыр. 

Ғалым мұның өте күрделі үдеріс екенін айтты. Өйткені бидайдың генетикалық коды 16 миллиард жұп нуклеотид негіздерінен тұрады. Айта кетейік, Қанат Ермекбаев Орталық Азияда бірінші болып «Speed breading» жобасын енгізді. Соның арқасында бидайдың өсу кезеңін екі есе қысқартуға болады. 

Қанат Ермекбаевтың сөзінше, бидайдың белгілі бір түрін өсіру және оны климатқа бейімдеу үшін орта есеппен 12-14 жыл қажет. Бұл айтарлықтай уақыт пен қаржылық шығынды талап етеді. Алайда, селекцияның жаңа әдісін енгізген кезде жұмыс уақыты алты есеге қысқармақ.

Айгүл Байжұмақызы