ӘСЕРЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Уақыты: 13.08.2018
Оқылды: 1403
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен Жетісу журналистері Оңтүстік және Батыс Қазақстан өңірлерінің киелі жерлерін аралап қайтты. Осыған орай өңірлік коммуникация қызметінде республикалық блог-тур қорытындысы бойынша брифинг өтті. 

 

   Алғашқы сөзді алған облыстық ҮЕҰ Консалтинг орталығының жетекшісі Елдар Сапаров:
– Жобаның басты мақсаты – Қазақстандағы ішкі туризмді дамыту, халыққа еліміздегі қасиетті жерлерді таныстыру. Алдағы уақытта да журналистер қауымына ТМД елдеріне баруға, сонымен қатар, алыс шетелдерге барып тағылымдамадан өтуге, медиафорумдарға қатысуға мүмкіндіктер беріледі, – деді.
Бұдан кейін облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Ришад Тұрғанбай және  «Огни Алатау» газетінің тілшісі Шолпан Жұмағұлова  сапар барысында бабалардан мирас болып қалған тарихи, мәдени мұраларымыздың аңызға толы сырлары жайлы кеңінен әңгімелеп берді. Олар Шымкент, Түркістан, Тараз, Қызылорда мен Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Орал өңірінде болып қайтты. Тарихи киелі жерлерден алған  әсерлерімен бөлісті. Брифинг соңынан журналистер көкейкесті мәселелерді қозғап, сауалдар қойды.
   «Қазақстанның киелі географиясы» жобасының аясында өткізіліп отырған блог-тур туризмді дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, баба мұрасын насихаттауды мақсат еткен сапар ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғыртып қана қоймай, рухани ұстанымды сақтап қалуда да маңызды. 

Әмина Құдайбергенова