АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 26 ОҚУШЫДАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ: БҮГІНГІ МӘЛІМЕТ

Уақыты: 29.07.2021
Оқылды: 1312
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Соңғы тәулікте Алматы облысында коронавирустың 270 жағдайы тіркелді. Індеттің өсу қарқыны 0,9 пайызға жетті. Індет жұқтырғандардың ішінде балалар да бар. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Коронавирус анықталған 270 жағдайдың 40-ы 14 жасқа дейінгі балалар (14,8 пайыз). Оқушылар арасында 26 жағдай және студенттер арасында 7 жағдай анықталды.

Облыстағы аудан-қалаларға жекелей тоқталсақ, Алакөлде - 15, Балқашта – 4, Еңбекшіқазақта - 25, Ескелдіде – 1, Жамбылда – 12, Іледе - 35, Қарасайда - 42, Қараталда - 15, Көксуда – 4, Панфиловта – 14, Райымбекте – 1, Сарқанда – 4, Талғарда – 30, Ұйғырда – 7, Талдықорғанда – 58, Текеліде - 3 адамнан вирус табылған.

Бүгінгі мәліметке сүйенсек, стационардан 80 пациент шығарылды, үйдегі оқшаулаудан 10 адам алынды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан