ЖЕТІСУЛЫҚ ЭКОЛОГТАР АБАЙ ӨЛЕҢІН ТАЛҚЫЛАП, ӨЗАРА ПІКІР АЛМАСТЫ

Уақыты: 24.12.2021
Оқылды: 1311
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы бойынша экология департаменті "дөңгелек үстел" өткізді. Бұл туралы "Жетісу" газеті аталған департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жиын данышпан Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла» өсиет сөзіне арналды. "Дөңгелек үстел" форматында өткен іс-шара Алматы облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің ұсынысы негізінде ұйымдастырылды. Шараға экология департаментінің қызметкерлері қатысты.

«Пайда ойлама, ар ойла» шарасында тақырыпқа сәйкес сыбайлас жемқорлықты алдына алу мәселелері, сондай-ақ, Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен шығармашылығы қызу талқыланды. Шара соңында экология департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі Ерасыл Бекжанов сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі жайлы сөз қозғады. Жиында Абай Құнанбаевтың бізге қалдырып кеткен мұрасы мәңгілік құндылық екендігі, «Пайда ойлама, ар ойлама, Талап қыл артық білуге», -  деген өнегелі өсиетін өмірлік ұстанымымызға айландыру қажеттігі айтылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"