КӨЛІКТІҢ ТЕХПАСПОРТЫН ЖОҒАЛТЫП АЛҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Уақыты: 25.12.2021
Оқылды: 1211
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Көпшілігіміз өмірімізде бір рет болса да құжат жоғалтып көргеніміз жасырын емес. Жоғалған құжаттарды сүйіншіге қайтарып беруі де мүмкін, бірақ оған сеніп отырудың қажеті жоқ.

Ең жиі жоғалатын құжаттардың бірі - автокөліктің техникалық паспорты. Бүгін біз оны тез қалпына келтірудің оңай жолын айтамыз.

Ол үшін жеке куәлігіңізді алып, тезірек автоХҚО-ға (АвтоЦОН) барғаныңыз жөн. Мұнда 1,25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік баж төлейсіз және құжатыңызды қалпына келтіру бойынша өтініш жазасыз.

Осымен шаруа бітті. Бірер сағат ішінде сізге көлік құралын тіркеу туралы жаңа куәлік беріледі. Сондай-ақ, техпаспортты аты-жөніңізді өзгерткен кезде, құжаттар жарамсыз болып қалғанда немесе көлігіңіздің түсін өзгерткенде де ауыстыру қажет екенін естеріңізге саламыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"