ҚАЛЫҢ ТҰМАН, КӨКТАЙҒАҚ! КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ!

Уақыты: 27.12.2021
Оқылды: 1344
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында қалың тұман түсіп, көктайғақ болады. Осыған байланысты төтенше жағдай қызметкерлері көлік жүргізушілеріне бірнеше кеңес ұсынды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуі негізінде 28 желтоқсан күні Алматы облысы аумағында тұман мен көктайғақ күтіледі. Алматы облысының төтенше жағдай қызметкерлері азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларына мән беруге шақырады.

Автокөлікпен жүрген кезде жолды тұман басса:

- жылдамдықты төмендетіңіз;
- алда келе жатқан көліктермен арақашықтықты сақтаңыз;
- көліктерді басып озбаңыз;
- жақын жарықтың жанып тұрғанын тексеріңіз және тұманға қарсы шамдарды қосыңыз;
- авариялық жарық шамын жағыңыз;
- кенеттен маневр жасаудан және тежегішті шұғыл басудан аулақ болыңыз (көлік басқаруға көнбей, тайғанап кетуі мүмкін).

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"