ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА АВТОБУС АУДАРЫЛЫП, ЖЕҢІЛ КӨЛІКТІ БАСЫП ҚАЛДЫ

Уақыты: 29.12.2021
Оқылды: 1001
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жамбыл ауданында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты, салдарынан үш адам көз жұмды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Ауруханаға түскен төрт жолаушының екеуі ауыр халде. Жол апаты Алматы-Бішкек тасжолында болды. Соқтығыс кезінде автобус аударылып, жолаушылар көлігінің үстіне құлаған.

- Алматы-Бішкек тасжолының 108-нші шақырымында Mercedes-Benz көлігінің 25 жастағы жүргізушісі машинасын басқара алмай, автобуспен соқтығысқан. Автобустың жолаушылары зардап шеккен жоқ, - деді полиция өкілдері.

Төрт адам ауруханаға жеткізілген. Олардың үшеуі жеңіл көлікте болған. Автобус жүргізушісіне дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп үйіне қайтарды. Бірақ жеңіл көліктегілер ауыр жарақат алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан. Қатты соққыдан көлік сайға ұшып кеткен. Ал автобус аударылып, көлікті басып қалған. Салонда алты адам болған. Үшеуі "Жедел жәрдем" келгенше көз жұмды.

- Жолаушылардың екеуі өте ауыр халде жатыр. Екеуі де жансақтау бөлімінде. Біз жүргізген реанимациялық шаралар мен жасалған операциялардан кейін де науқастардың жағдайы өте ауыр болып тұр, - деді Жамбыл аудандық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Тимур Құрбанбаев.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"