АУҒАНСТАНДА СОҒЫСЫП ҚАЙТҚАН АРДАГЕР ЖАС САРБАЗДАРҒА ЕСТЕЛІК АЙТТЫ

Уақыты: 28.12.2021
Оқылды: 1038
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Сарыөзек гарнизонында орналасқан шабуылдау бригадасына күзде әскерге шақырылған жас сарбаздар Қазақстан Қарулы Күштері және Ауған соғысының ардагері, отставкадағы майор Шерғали Нұрғалиевпен кездесті.

Іс-шара жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, Отанға, елге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Жарқын жүздесу барысында ардагер Шерғали Нұрғалиев Қарулы Күштерде қызмет еткен уақытындағы қызықты оқиғаларына тоқталып, олар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

– Патриоттық тәрбие беру сарбаздардың саналы көзқарасын қалыптастыру деген сөз. Отанға деген патриоттық сезімді өскелең ұрпақтың бойына сіңіру – біз үшін басты мақсат, – деді ардагер. Сондай-ақ, кездесу барысында мерзімді әскери қызметшілер ардагерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

– Әскери патриоттық тәрбиенің алар орны ерекше. Аға ұрпақтың лайықты мұрагері болу үшін жастарға халқымыздың Отан мүддесі жолында жасаған ерлік, батырлық істерінің ұлылығын жеке құрамға жете түсіндіру - біздің міндетіміз, – деп түсіндірді батальон командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, капитан Сәкен Мұхамедияров.

Ардагер де әскери қызметшілерге ризашылығын білдіріп, Отан қорғау істеріне сәттілік тіледі.

Абзал САРТАЕВ,

Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы

Алматы облысы