ПОЙЫЗДЫҢ ҮСТІНЕ ШЫҒЫП, СЕЛФИ ЖАСАҒАН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ТОК ҰРҒАН

Уақыты: 30.12.2021
Оқылды: 1079
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жуырда Алматы мен Тараз қалаларында жасөспірім балалар стансада тұрған вагондардың үстіне шығып, «Селфи», «Тик-Ток» түсірмекші болған. Салдарынан Тараз қаласының 1, Алматы қаласының 3 оқушысы ток кернеуіне түсіп, қайғылы оқиға орын алды.

Осыған байланысты Ескелді ауданы Шымыр ауылының М.Маматов МДШО орта мектебінің оқушыларына Талдықорған ст.ЖПб мен мектеп директоры Р.Мейірбекова және ӘТЖК – 36 бастығы С.Дүйсенбінов, тәрбие жөніндегі орынбасары Е.Тазабековтың қатысуымен 2021 жылдың 29 желтоқсан күні мектеп оқушылары арасында темір жол жарақаттарының және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Темір жол – аса қауіпті аймақ» тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуде темір жол аймағында оқушылардың бей-берекет жүруіне болмайтыны туралы айтылды. Лездеме барысында түрлі қаупті жағдайлардың алдын алу үшін 2021-2022 оқу жылында жасөспірімдердің вагон үстіне шығып, жоғарғы кернеулі электр тобынан зардап шекпеу жолдарының алдын алу мәселелері түсіндірілді. Қысқы демалыс кезінде темір жол аумағында жүрмеуге, тик-токқа түсем деп қайғылы жағдайға ұшырап қалмау, оқушылардың аспа көпір арқылы өту керектігі, сонымен қатар, вагондардың үстіне шықпау, жолаушылар поездарына тас лақтырмау, темір жол вагондарындағы түрлі түсті метал бөлшектері ұрлықтары бойынша ұрлықтың алдын алу жөніндегі мәселелер оқушыларға қатаң түрде ескертілді, мысалдар келтірілді.

Қадірлі жолаушылар, оқушылар, пойыз маңында жүрген кез келген тұрғын, сіздерге мына ережені әрдайым есте сақтауды өтінеміз:

- жүріп бара жатқан поезға, вагонға жабысуға,

- белгіленбеген жерде темекі шегуге,

- тоқтап тұрған жүк пойызының үстіне шығуға,

- өтіп бара жатқан жолаушылар пойызының терезесіне тас лақтыруға,

- вагон астынан өтуге,

- темір жол бойында жүруге, ойнауға,

- келе жатқан пойыздың алдын кесіп өтуге, жүгіріп өтуге,түнгі уақытта бей-берекет жүруге ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!!!

Барлық ұстаздарға тәрбие сағаттарында, ата-аналар жиналысында темір жол қауіпсіздігі туралы іс-шаралар өткізу керектігі айтылды.

Н.ЖУСЫНОВ,

Талдықорған ст.ЖПб бастығы, полиция майоры

Алматы облысы