МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖЕЛІДЕГІ ПАРАҚШАЛАРЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ

Уақыты: 30.12.2021
Оқылды: 1169
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Алматы облысы бойынша департаментінде қызметтік әдеп нормаларының сақталуын бақылау мен мониторинг жүргізу функциялары әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген.

Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзушылардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтарға консультация беретін адам.

Ағымдағы жылдың 10 айында 12 азамат әдеп жөніндегі уәкілдің қабылдауында болып, мемлекеттік қызметшілер этикасын сақтау бойынша түсініктемелер берілді. Азаматтарды жеке қабылдаудан басқа 8 (7282) 410171 сенім телефоны тұрақты жұмыс істейді. Этикалық кодекс нормаларын сақтау мәселелері бойынша топ арасында сауалнама жүргізілді. Сонымен бірге, департамент мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлық нормалары өткізілетін жалпы құқықтық оқыту, семинарлар тұрақты өткізіледі.

Тұрақты негізде әлеуметтік желілерге, департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің аккаунттарына мемлекеттік қызметке кір келтіретін фотосуреттердің, посттардың және басқа да ақпараттың болуына арнайы мониторинг жүргізіледі.

Ал Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 4-тармағына сәйкес, кадр қызметі мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғаннан кейін үш күн мерзімде Кодекстің мәтінімен жазбаша нұсқада таныстырылады.

Мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсап, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етуі тиіс.

Дәулет СЕНГЕРБАЕВ,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі