ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ ТҮРМЕГЕ ШАБУЫЛ ЖАСАЛЫП, ҮШ ЛАҢКЕС ОҚҚА ҰШТЫ

Уақыты: 10.01.2022
Оқылды: 1201
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда тергеу абақтысына шабуыл жасаған үш содыр оққа ұшты.

Шабуыл кезінде тағы екеуі жараланған. Қарулы қақтығыс кезінде құзырлы орган өкілдерінің біреуі қаза тауып, екеуі жарақаттанды. Шабуыл 7 қаңтар күні сағат 11:30-да болды. 15 адамнан тұратын қарулы топтың қылмыстық әрекетіне полиция лайықты тойтарыс берді. Қаза тапқан түрме сақшысы кеше Ескелді ауданының орталығында Қарабұлақ ауылында жер қойнына тапсырылды.

Қазіргі таңда Алматы облысында жағдай тұрақтала бастады. Бірақ қоғамдық көлік қатынасы тоқтап тұр. Халыққа қызмет көрсету орталығы мен ірі супермаркеттер жабық. Тек шағын дүкендер ашық.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"