ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ДЕПАРТАМЕНТІ АУА РАЙЫНА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАДЫ

Уақыты: 17.01.2022
Оқылды: 1238
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райының өзгеруіне байланысты маңызды хабарлама қалдырды.

"Қазгидромет" РМК-ның ескертуі негізінде 17-19 қаңтар күндері Алматы облысының тауларында жауын-шашын, қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Айта кетейік, өткен сенбі-жексенбіде Алакөл өңірінде, Жалаңашкөл аймағында қатты жел соққан еді.

Алматы облысының төтенше жағдай департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға алуға және сақтық шараларын ұстануға шақырады. Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"