АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОПЕРАЦИЯЛАР АЯҚТАЛДЫ

Уақыты: 28.01.2022
Оқылды: 2660
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында терроризмге қарсы операциялар аяқталды. Бірақ полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуін жалғастырады.

Облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу шаралары жүріп жатыр. Талдықорған қаласында тұрақты түрде төрт блокбекет тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Халықтың емін-еркін жүріп-тұруын қадағалайтын қосымша бақылау бейнекамералары орнатылып, саяжайларда рейдтік шаралар жүргізілуде.

Облыс аумағында 19 модульдік бекет қойылды. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдар мен ішкі жолдарда бақылау күшейтілді. «Жедел алдын алу шаралары барысында 61 қылмыстық іс қозғалды. Бұрын іздеуде жүрген 11 қылмыскер қолға түсті. 15 қару, 3 жарылғыш зат тәркіленді. 11 арнайы қорғаныс құралы табылды. Бұл бағытта жұмыстар әлі де жалғасады», - деді Алматы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ержан Оразбаев.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"