ТАЛДЫҚОРҒАН ІРГЕСІНЕН ӨЛГЕН АДАМДАРДЫҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Уақыты: 04.02.2022
Оқылды: 1420
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті Талдықорған маңындағы ауылдан өлген адамдардың денесі табылғанын мәлімдеді.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Талдықорған қаласына қарасты Еңбек ауылында ерлі-зайыпты екі баласымен бірге бірнеше күн бұрын көз жұмған. «Бір отбасынан 4 адамның жансыз денесін жергілікті тұрғындар жеке үйдің ауласында, орналасқан уақытша тұруға арналған үйшіктен тапқан. Екі ересек адам – 1998 жылы туған күйеуі мен әйелі, сондай-ақ, 2018 және 2021 жылдары туған балалары мерт болды», - деп мәлім етті департаменттен.

Алдын ала мәлімет бойынша, отбасының барлық мүшесі 2-3 күн бұрын көз жұмған. «Өлім себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді облыстық төтенше жағдай департаменті өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"