ЖУЫРДА СЕНАТТАН КЕТКЕН НҰРЛАН ҚЫЛЫШБАЕВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ОТЫРДЫ

Уақыты: 04.02.2022
Оқылды: 1177
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Нұрлан Қылышбаев Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлан Наурызұлы 1971 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Д.Қонаев атындағы гуманитарлық институтты бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы «Талдықорған Нижний Новгород» сауда үйінің жетекші маманы болып бастаған. 1994-1996 жылдары Талдықорған орман шаруашылығы өндірістік бірлестігінің жетекші инженері болды. 1996-1997 жылдары ҚР ІІМ органдарында, 1997-1999 жылдары Талдықорған қаласы әкімінің көмекшісі, 1999-2004 жылдары Жамбыл облысы, Тараз қаласы әкімі аппаратында консультант, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы, 2004-2010 жылдары коммерциялық ұйым президенті, 2010-2013 жылдары Талдықорған қаласы, Алматы облысының табиғи ресурстар басқармасында басшылық қызметтерді атқарған. 2013-2016 жылдары - Ескелді ауданының әкімі. 2016-2017 жылдары - алтыншы сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі. 2017 жылғы қыркүйектен бастап алтыншы сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комитет мүшесі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"