АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІРНЕШЕ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ ОРНЫН БОСАТТЫ

Уақыты: 04.02.2022
Оқылды: 1288
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасарлары мен Талдықорған полиция басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Министрліктің тәртіптік комиссиясы Төтенше жағдай режимі кезінде Алматы облысы полиция департаменті басшылығының өз міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша қызметтік тергеу материалдарын қарағанын мәлімдеді.

"Ішкі істер министрлігінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығы бойынша, Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасарлары мен Талдықорған полиция басқармасының бастығы қызметінен босатылды", - делінген министрлік хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"