АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КӨКТАЙҒАҚ, ТҰМАН, ЖЕЛ: "ҚАЗГИДРОМЕТ" ЕСКЕРТЕДІ

Уақыты: 05.02.2022
Оқылды: 1044
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты ескерту жариялады.

"Қазгидрометтің" ескертуі негізінде 5-6 ақпан күндері Алматы облысы аумағында тұман және көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні 28-30 м/с. Кей жерде одан да асуы мүмкін.

Айта кетейік, осыған дейін департамент өкілдері 30 қаңтарда таулы жерлерде тағы тұман түсіп, көктайғақ болғанын ескерткен еді. Департамент өкілдері азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады.

Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктеуге болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"