ЖАРКЕНТТЕ "KASPI GOLD" АРҚЫЛЫ ТАҚЫРҒА ОТЫРҒЫЗАТЫН АЛАЯҚ ТҰТҚЫНДАЛДЫ

Уақыты: 06.02.2022
Оқылды: 1225
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Панфилов аудандық полиция бөліміне «А» есімді азаматша келіп, оны белгісіз біреудің сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен «Kaspi» чегін көрсету арқылы жалпы сомасы 20 500 теңгеге материалдық шығын келтіргені бойынша арызданған.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 1-бөлігімен тіркелді. «Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері Көктал ауылының тұрғынын анықтады. Бұрын-соңды сотты болмаған «Б» есімді азаматтан жауап алу кезінде оның «Telegram» парақшасында «Kaspi gold» жүйесі арқылы жасалған жалған есепшоттар шығаруға болатындығы туралы айтып, өзінің жасаған кінәсін толығымен мойындады. Қазіргі уақытта «Б» есімді азаматтың басқа да алаяқтық фактісіне қатысы бар жоқтығы анықталып жатыр. Сонымен қатар, аудан тұрғындарына жаңа алаяқтық фактісінің құрбаны болмас үшін Панфилов аудандық полиция қызметкерлерімен «Telegram» парақшасы арқылы алаяқтық фактісінің алдын-алу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде», - деді Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.

"Құрметті тұрғындар! Сіздерді, жеке ұялы телефондарыңызға хабарласып немесе «Kaspi gold» арқылы төлем жасау кезінде аударған тұлғаның жеке басын толығымен анықтайтын құжаттарының дұрыс екендігіне көз жеткізу қажет. Осы хабарламаны жақындарыңызға хабарлап және «WhapsApp» желісі арқылы таратуларыңызды сұраймыз", - делінген полиция хабарламасында.