БАЛҚАШ АУДАНЫНДА ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ: ЕКІ АДАМНЫҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 07.02.2022
Оқылды: 1220
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Құйғанның екі тұрғыны мотоциклмен Жамбыл облысының Шығанақ ауылына қарай шығып, содан бері із-түссіз кеткен.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы рет 37 және 35 жастағы ер адамдар 3 ақпанда байланысқа шыққан. Олардың бірі әйеліне хабарласып, өздерінің адасып кеткенін айтқан.

Келесі күні олардың денесін Балатопардан 25 шақырым қашықтықтағы Құйған ауылының тұрғындары Балқаш көлінен тапты. Олар аяздан қатып қалған. Ал мотоциклдері көлге батып кеткен.

Өлімнің себебі анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта көлдегі мұздың қалыңдығы 3-5 сантиметр ғана.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан сақтық шараларын ұстанып, жұқа мұздың бетіне шықпауды сұрайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"