ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ БЕЙНЕКАМЕРА ОРНАТУДЫҢ ТӨРТ ТҮРЛІ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ БАР

Уақыты: 08.02.2022
Оқылды: 1199
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Open Space» кеңсесі аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нарық субъектілерімен негізгі мәселелерді талқылады.

Кәсіпкерлер өз сөзінде Қазақстанда 2022 жылдың қаңтарында орын алған соңғы оқиғаларға байланысты көппәтерлі тұрғын үйлерді бейнебақылаумен толық қамту мәселесі өте өзекті екенін атап өтті. Бейнебақылау қондырғысын орнату тұрғындар үшін шығынды талап ететіндіктен, кондоминиум нысандарын толық бейнежазбаға түсіруге мемлекеттің қатысуы жөнінде мемлекеттік деңгейде ұсыныс енгізу қажет. Осыған байланысты бейнекамерамен қамтудың мынадай бірнеше артықшылығы бар екенін ескертеміз:

1.Кейде ашылуы қиын қылмыстар – ұрлық жасауы азаяды.

2.Ішкі істер органдарына жасалған қылмыстарды ашуда көмектеседі.

3.Кез келген жерге қоқыс тастайтындар болмайды.

4.Тұрғындардың өзін-өзі тану деңгейі жаңа деңгейге көтеріледі: арнайы бөлінген орындарда темекі шегу ережелері сақталады, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктер қолданылмайды.

Кедергілерді жою үшін кәсіпкерлер мемлекеттің қатысуымен полиция департаментіне бағынысты арнайы құқық қорғау қызметінің бейнежазбасына қосылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ, ақпаратты бір жылға дейін сақтауға болатынын атап өтті. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, азаматтар бұл мәселеде мемлекет тарапынан көбірек қорғалғанын сезінетін болады. Қатысушыларға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы нарығындағы ағымдағы жағдаймен танысып, субъектілерге бағаның негізсіз өсу фактілерін алдын алу қажеттігі айтылды.

Алматы облысы бойынша монополияға қарсы орган бизнес-қоғамдастықтың барлық өкілдерін, сарапшылар мен тұтынушыларды Open Space-ке белсенді қатысуға шақырады.

Талқыланатын тақырыптар мен жоспарланған іс-шаралар Facebook, Instagram (үстінен басыңыз) желілеріне шығады. Ұсыныстар электрондық пошта мекенжайы бойынша да қабылданады: dazrk_al@azrk.gov.kz және тел: 8(7282)-24-63-61.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"