ҚАЛЫҢ ТҰМАН, КӨКТАЙҒАҚ: АУА РАЙЫНА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Уақыты: 08.02.2022
Оқылды: 1046
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті алдын ала ескерту жариялады.

"Қазгидромет" РМК-ның ескертуі негізінде 9 ақпан күні Алматы облысында тұман түседі және көктайғақ болады. Осыған байланысты тұрғындардан ауа райының өзгеруін бақылауға алуды және сақтық шараларын қатаң ұстануды өтінеміз. Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасынан білуге болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"