ТҰМАН, КӨКТАЙҒАҚ, ЖЕЛ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

Уақыты: 11.02.2022
Оқылды: 1256
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Қазгидромет" РМК Алматы облысында ауа райы өзгеретінін мәлімдеді.

"12 ақпан күні Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, желдің екпіні 17-22 м/с-қа дейін жетеді. Азаматтардан ауа райын бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырамыз. Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз", - делінген ресми ақпаратта.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"