ФРАНЦИЯНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛДЕРІ ЖЕТІСУЛЫҚ ЖУРНАЛИСТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Уақыты: 11.02.2022
Оқылды: 1183
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс пен Францияның Алматыдағы Бас консулы Алексис Шахтахтинский Алматы облысының БАҚ өкілдерімен кездесті.

Журналистер үйінде өткен басқосуда елімізде болған соңғы жаңалықтар, соның ішінде, Қаңтар оқиғасы жайында әңгіме өрбіді. Сонымен қатар, қиын-қыстау кезеңде мемлекеттің тұрақтылығын, іргесін сөкпей сақтап қалған Мемлекет басшысының бастамасымен атқарылып жатқан оңтайлы шаралар әңгіме өзегіне айналды. Осыдан кейін тұмса табиғатымен тамсандыратын, самал желімен баурап алатын, саф алтындай ауасы бар, алыс-жақын шетелдерден қонағы үзілмейтін жер жаннаты Жетісудың шұрайлы жерлері жайлы сөз болды.

Жиын соңында қонақтарға ғасыр жасаған Алматы облыстық «Jetisý» және «Огни Алатау» газеттерінің 100 жылдық мерейтойына орай шығарылған кітаптар сыйға тартылды.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы