ҚАҢТАРДА ҚАЗА ТАПҚАН ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ КРЕДИТІ КЕШІРІЛІП, ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНДІ

Уақыты: 12.02.2022
Оқылды: 785
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ Қасіретті қаңтар оқиғасында ажал құшқан әскерилердің отбасына көмек көрсетілгендігін мәлім етті.

Облыс әкімінің айтуынша, қаза тапқан 8 күштік құрылым қызметкері отбасыларының әрқайсысына 5 млн.теңгеден өтемақы төленді. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктерде қаза тапқандар мен олардың отбасының несиелері кешірілді.

«Зардап шеккен 135 полиция қызметкері мен әскери қызметшілерге 2 млн.теңгеге дейін төленуде. Мұқтаж төрт отбасыға тұрғын үй сатып алынуда», - деді облыс басшысы. Айта кетейік, Президенттің тапсырмасына сәйкес облыс орталығында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімдігі, полиция басқармасы және «Nur Otan» партиясы ғимараттарына жөндеу жұмыстары жасалып жатыр. Алдын ала есептеулер бойынша 5,9 млрд.теңге қажет.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"