ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ПОЛИЦИЯ ҒИМАРАТЫ ӨРТЕНДІ. ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ЖОҚ

Уақыты: 14.02.2022
Оқылды: 935
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талғар ауданы полициясының әкімшілік ғимараты кабинеттерінің бірінде өрт болды.

Өрт шалған ғимарат туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Алматы облысының полиция департаменті өрттің шамамен сағат 14:55-те тұтанғанын хабарлады. «Жергілікті өрт сөндіру қызметі дереу оқиға орнына жетіп, өртті 25 минут ішінде сөндірді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің әрі қарай таралуына жол берілген жоқ. Қызметтік құжаттар бүлінбеді», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"