ҚАР КӨШКІНІНДЕ ҚАЛҒАН ЕР АДАМ. КУРОРТ ӨКІЛДЕРІ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

Уақыты: 21.02.2022
Оқылды: 1372
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысындағы тауларда ер адамның қар көшкінінде қалғаны туралы ақпарат тарады.

Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы тауларда қар көшкінінде қалып қойған шаңғышы туралы жарияланды. "Ақ Бұлақ" курортының әкімшілігі шаңғышы зардап шекпегенін мәлімдеді.

"Олар алдын ала дайындалған адамдар. Қар көшкінінің алдын алу шарасын жасағаннан кейін сырғанау аймағында көшкін болған жоқ. Қауіпсіздік үшін арнайы мамандарды шақырамыз", - деді курорт өкілдері.

Курорт өкілдерінің сөзінше, видеодағы адамдар аман. Курорт әкімшілігі қар көшкіні кезінде бес адам жұмыс істегенін айтады. "Олардың арқасында маусым ұзағырақ болады, олар өте жақсы көмектеседі. Бәрін тегін жасайды", - деді "Ақ Бұлақ" өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"