АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНА МА? ӘКІМ ЖАУАБЫ

Уақыты: 24.02.2022
Оқылды: 1359
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында энергетикаға тәуелділік болмауы қажет. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қазіргі күні облыста электр энергиясын тұтыну 730,65 МВт-ты құрайды. Оның ішінде, меншікті өндіріс 313,18 МВт, жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) үлесі - 78 МВт немесе 25 пайыз. 2025 жылға дейін жалпы қуаты 398 МВт болатын 320,2 млрд.теңгеге 26 жобаны іске асыру және ЖЭК үлесін 42 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда. Биыл 179,5 МВт құны 98,7 млрд.теңгені құрайтын 6 нысан іске қосылады.

"Елімізде бірнеше жылдан соң энергия тапшылығы болуы мүмкін. Жыл сайын энергия көздерін қолдану артып келеді. Сондықтан, бізде энергия қоры болуы тиіс. Әрине, халықта Чернобыль оқиғасынан кейін қорқыныш бар. Алайда біз алға жылжуымыз тиіс. Мен қазір облыс басшысы ретінде станция салынатын орынды таңдауда көмектесуім керек. Ал станция Балқаш та ма әлде Ертісте салына ма, білмеймін. Алайда бұл мәселеге өте мұқият келу керек. Және де ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Елімізде неліктен атом электр станциясы салынбақшы? Себебі, бұл экологиялық таза, табиғи энергия. Алматы облысында жаңартылатын энергетиканы дамыту нәтижесінде 64 мың жұмыс орны ашылмақ", - деді Қанат Бозымбаев.