СЕЙСЕНБІ КҮНІ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Уақыты: 25.02.2022
Оқылды: 1827
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Халықаралық Азаматтық қорғаныс күніне орай азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін республикалық тексеру жүргізіледі.

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті 2022 жылғы 1 наурызда Халықаралық азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізілетінін хабарлайды. Тексеру барысында сағат 10:00-де электрдабылдар, дабылды-сөйлеу құрылғылары және дауыс ұлғайтқыш қондырғылар қосылады. Сонымен қатар, Алматы облысының ТЖД сіздерге төтенше жағдайлар туындаған жағдайда электрдабылдардың қосыу кезіндегі тәртіп ережелерін еске салады.

Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:

- радио немесе теледидарды қосыңыз;
- шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Егер дабыл кезінде далада болсаңыз:

- көшедегі дауыс ұлғайтқыштар мен жылжымалы хабарлау құралдары арқылы берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз; 
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Барлық іс-шаралар халықтың табиғи және техногендік сипаттағы қандай да бір қауіпті факторлардың туындау қатері, сондай-ақ, дабыл бойынша іс-қимыл тәртіптері туралы хабардар болуын арттыруға бағытталған.

Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі